Тәуелсіздік- елімнің ерлік жаны
Тақырыбы: «Тәуелсіздік- елімнің ерлік жаны »
1 - жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына арналған «Тәуелсіздік- елімнің ерлік жаны » атты концерттік бағдарламамызға қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз.
Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
2 - жүргізуші
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрек жарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директоры Боржуков Қанат Абдықадырұлына беріледі .
1 - жүргізуші:
Өсер ұлдың қай сәтте де ерлік болмақ қалауы
Лаула,лаула Желтоқсанның мұзға жанған алауы
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашан да еңкеюге тиісті емес елдің жалауы – дей келе
Ән « Менің елім » орындайтын 9 - сынып оқушылары: Жайлау Ақжарқын,Байболат Аружан
2 - жүргізуші:
Күй,сені жақсы көрем, жаным сүйіп
Тыңдаймын таным алмай,жаным күйіп
Өмірдің сырын ашып жүрегіме
Музыканың әміріне басымды иіп
Алайық ескі күйдің бәрін жиып
Жандырған ой-қиялды қалың күйік
Шерттіріп құнарлырақдомбыраға
Тербеліп ырғағына тамылжиық –дей отыра күй
1 - жүргізуші:
Бақытым - Республикам Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.
Алдарыңызда 9 «А» орындауында би
1 - жүргізуші:
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.
2 - жүргізуші:
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз - өзінен жүрегім ән салады.
Алдарыңызда Серік Саяжанның орындауында ән « Самға»
1 - жүргізуші:
Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 130 - дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
Абай оқулары
2 - жүргізуші:
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе - тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
Ән: « Көкке өрле » орындайтын: 9 «А» сынып оқушылары Елубай Айдана,Тынысбек Альбина
1 - жүргізуші:
16 желтоқсан- Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп ел жадында қалған күн
Жасай берсін ұлы күн, үміті болып елімнің
Желбіресін көк туы –нағыз көркі жерімнің
Көрініс 9 «б» сыныбы
2 - жүргізуші:
Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира
Құрбаны болған жаланың
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,
Кеткен де жоқ құлақтан зар басылып,
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып
Мәнерлеп оқу Байболат Аружан,Рахметжан Елжан,Нышан Аслан,Жайлау Назерке,Дәутай Назерке.
Ән «Желтоқсан желі » хор
1 - жүргізуші:
Мен қазақпын,ұланымын қазақтың
Тәуелсізбін,егеменмін,озатпын
Көк байрағымтұр көгімде желбіреп
Алатаудай көкке қрлеген азатпен
би орындайтын 9 «Б» - сынып оқушылары
2 - жүргізуші:
Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.
Көрініс 9 «А» сынып оқушылары
2 - жүргізуші:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе
Би «Қазағымсың» орындайтын Альметова Еркемай
Бүгінгі тәуелсіздігіміздің27 жылдығына арналған «Тәуелсіздік –елімнің ерлік жаны » атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
1 - жүргізуші:
Қазақ елім!
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.
Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!
Сахнада түрлі безендірулер болады. Екі жүргізуші шығады. 1-жүргізуші: Армысыздар, аса қадірменді кеш қонақтары! 2-жүргізуші: Кеш жарық қадірлі көрермендер! 1-жүргізуші: Өткенін ұмытпаған, баһадүрлерін ұлықтаған ұлан-ғайыр атырапта бүгін мереке! Бұл мереке – Тәуелсіздігімізге 25 жыл толуы! Осынау ұлық мерекеміз құтты болсын ағайын! 2-жүргізуші: Иә, бүгінгі мерекенің орны өзге. Қанымен қара тасқа қашалып, ғасырлар бойғы арман-тілекті бойына сіңіріп, сағым жылдардың елесін арқалап, асыға жеткен арманымыз ғой бұл. Дала төсінде тербеліп тұрар Тәуелсіздік бесігі шартараптағы сағыныштарды біріктірері сөзсіз. Осы орайда, тәуелсіздік жолында шейіт болған боздақтарымызға бүгінгі ұрпақ тарапынан тағзым ретінде бір минут үнсіз еске алсақ. (Барлығы орнынан тұрады) 1-жүргізуші: Кешімізді бастамас бұрын, қонақтарымызбен таныстырып өтсек: (келген қонақтарды таныстырады) 2-жүргізуші: "Дариға, Домбырамды берші маған, Жаныма келші жарым, келші балам. Бейуақ, іңірдегі көңіліме, Күй болып күңіреніп енші далам Домбырам, жүрегіммен үндес едің, Сенімен сырласымдай тілдесемін. Бабамнан қалған мұрам, сен болмасаң, Өнердің не екенін білмес едім". Әсерлі кешіміздің шымылдығын қазақтың қасиетті қара домбырасынан төгілген құдіретті күйге беруді жөн көріп отырмыз. Ендеше, орталарыңызда _______________________(бір күй орындайды) 1-жүргізуші: Бостандығым! Тосқан күнім азалдан, Жиырма бес жыл – аспан кірсіз, ажарлы ән. Сен келгенде серпілгенмін қайғыдан, Сен келгенде сары мұңнан тазарғам. 2-жүргізуші: "Ән көңілдің ажары" демекші, келесі кезекті әуезді әнге берейік. (Патриоттық тақырыптағы ән орындалады) 1-жүргізуші: Бабаларымыздың қанымен, білегінің күшімен, найзасының ұшымен келген киелі де қасиетті тәуелсіздіктің қандай қиындықпен келгені баршамызға мәлім болса керек-ті. Ұлық мерекеміздің аясында тәуелсіздік жолында еліміздің жүріп өткен қадамдарына назар аударып көрелік. (слайд көрсетіледі) 2-жүргізуші: Бойларыңыз шымырлап, рухтарыңыз бір асқақтап қалған шығар, иә? 1-жүргізуші: Өз басым тәуелсіздіктен кейін туылған буынның өкілі бола тұра, бұл егемендіктің қандай жолмен келгенін жақсы білемін. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, тәуелсіздікке зарығып жетті. Аңсатқан азаттық жолында еліміз аз қиыншылық көрген жоқ. Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны анық. 2-жүргізуші: Қазіргі таңда Тәуелсіздік күні – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі – ең алдымен халқымыздың бақыты, ұлтымыздың ұлы мұраты. (Хабарлаусыз, бір би жіберіледі) 1-жүргізуші: Біздің ең киелі, ең қасиетті ұғымымыз – тәуелсіздік. Азаттықтың тамыры тым тереңде. Талай ғасырлар қойнауына көз жіберіп қарасаңыз, осынау тәуелсіздіктің қандай қиыншылықпен, қандай азаппен келгенін түсінесіз. Отан, туған ел, халық ұғымын тәуелсіздіктен бөліп қарастыра алмаймыз. Барлығы тамырлас, бір-бірімен байланысып жатқан өзегі бір ұғым. Тәуелсіздіктің иесі – халық, халықтың анасы – Отан. 2-жүргізуші: Жебесімін көбе бұзар түркінің, Егесімін күллі түркі жұртының. Назарына түспесе де дұшпанның, Жанарыма тұнған шықты іркідім. (Көрініс _______________) 1-жүргізуші: Иә.... Осынау самарқау кезеңнің ұрпағы бола тұра мына біздер тәуелсіздіктің арқасында еркін шалқып өмір сүрудеміз. 2-жүргізуші: Өте дұрыс айтасың, толықтай келісем. Бәйгеге ат жіберсек те, кең далада көсіліп ойнасақ та, билесек те, ән айтсақ та осының бәрі бабаларымыздан қалған асыл мұрамыз, аманат болған азаттықтың арқасы. Ендеше, татулық пен тұрақтылық аясында өмір сүріп, бейбітшілік, туын биікке көтерген Қазақстан халықы жаңа әлемнің жарқын жаңалықтарына ұмтыла бермек. 1-жүргізуші: Сен десе тыным таппаймын мазамдай мүлдем, Сен десе жаным жаһанға тажалдай күлген Сен менің ұлы мұңымсың тағдырым егіз Сен менің ұлы жырымсың жаза алмай жүрген. 2-жүргізуші: Құрметті жиналған көпшілік қауым, осымен біздің бүгінгі "Тұғыры биік Тәуелсіздік" атты кешіміз өз мәресіне жетті. Еліміздің еңсесі биік, туымыздың тұғыры берік, тәуелсіздігіміз мәңгі болғай. Келесі көріскенше қош сау болыңыздар!
Көрініс.
Сахнада Қайрат пен жеңгесі дастархан басында отырады. Үйге
милиционер жігіт кіреді.
Милиция: Біз органнан келдік. Қайрат Рысқұлбеков деген азаматты
тұтқындауға келдік. Прокурордың санкциясы бар. Міне!
Жеңгесі: Қайрат, бері кел.
Милиция: Тез жинал, бізбен бірге кетесің.
Жеңгесі. Ойбай-ау бұларың не? Жұдырықтай баланың не жазығы бар
еді? Әке-шешесіне не бетімізді айтамыз.
Милиция: Жеңеше, сабыр етіңіз! Бұл жігіт бір төбелеске қатысыпты.
Анық – қанығын тексерген соң қайтарып жібереміз.
(Осы кезде Қайратты милиционер алып кетеді.)