Қарттарын қадірлеген ел ардақты » СШ№13 им. Маметовой
Жамбыл Облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«Мәншүк Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектеб»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (747) 618-61-71
Есепші бөлімі:
+7 (747) 618-61-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қарттарын қадірлеген ел ардақты
12
ақпан
2019

Қарттарын қадірлеген ел ардақты

Тақырыбы: Қарттарын қадірлеген ел ардақты» 
 
 Мақсаты: оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
 
 1-Жүргізуші:
 Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
 Ақыл кенін арқалаған аталар.
 Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
 Біз алаңсыз балғын шақты балалар
 Армысыз ауылымның асылдары
 Жайнасын көңілдердің жасыл бағы
 Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би
 Сіздер үшін мереке шашулары
 
 

2- Жүргізуші:
 
 

Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар! Ақ жаулықты аналар! Шынайы да ізгі сезімдерді, білімнің алтын діңгегін сыйлаушы ұстаздар қауымы! Барлықтарыңызды қазан айының алғашқы мерекелері қарттар, ұстаздар мерекесі тоғысқан күнімен құттықтаймыз.
 Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,
 Зейнет емес бейнеттен арылмаған.
 Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,
 Қариялар өзіңді ел сыйлаған.
 1- Жүргізуші:
 
 Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін 1 қазан Қарттар күнімен құттықтай отырып, «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты кешімізге хош келдіңіздер.
 2- Жүргізуші
 Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін мектебіміздің директоры 
Боржуков Қанат  ағайға береміз.
 Жүргізуші:
 Дүниеге келер бір рет
 Құрыштан құйған құдірет
 Балалар, ол кім?
 Әрине қарттарымыз.
 
 

Олай болса бүгінгі кешімізді орындауындағы  Анашым

әнімен ашамыз. 

Орындайтын  Орынбай Аяулым
 1- Жүргізуші

 
 

Өн бойың тұнған ақыл, ұлағат
 Ешкімге жасамайтын қиянат
 Жайлап қана ақылменен түзейсің
 Болып қалса ұғына алмай бір сағат
 Ауылымыздың ардагері, қарт зейнеткер ұстазымыз  Мамырбаев Қырықбай ағайға сөз береміз.
 
 

2- Жүргізуші
 
 

Жадыраймын жадырайын,
 Көңілденіп күлемін.
 Жанар ма деп талабым,
 Ата ақылын тыңдаймын.
 Ән: Ұстазым  орындайтын    Шөпшекбай Диас
 
 1-Жүргізуші:
 

Халқымыздың тәлім – тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген. Ендеше «Мен атам мен әжемнің жалғасымын» бөліміне құлақ түрелік.
 Тақпақтар:
 
1
.Дүйсен Аяулым
 Сән еңкейген нұр жүзінен әл тайып,
 Қуат кетіп бара жатыр қартайып.
 Отбасында, бала – шаға қасында
 Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.
 Көңіл жетім болмаған соң сыңары
 Жас баладай жаутаңдаған жанары
 Қайта – қайта қарағың кеп тұрады
 Қағыс естіп қалбақтайды баладай
 Мәпелеңдер қарт біткенді аялап
 Ниеті ақ, көңілі кең даладай
 Кімге болсын қарттың жетер аяңдап.
 
 2
.Думан
 Атам менің әманда
 Әдепті жан бол деген
 Атам сөзі санамда
 Жасы үлкенге жол берем
 Алдын орап кісінің
 Кесіп өтпе көлденең
 Ізетімен кішінің
 Сәлемдесіп қол берем.
 
 
 

3.Аружан
 Атам менің әманда
 кішіпейіл бол деген.
 Ата сөзі санамда
 Мақтанбауды жөн көрем
 Қалдыратын ұлтқа
 Жалған сөзге төзбеймін
 Жеткізеді мұратқа
 Тек шындықты көздеймін.
 
 4
.Бағдат
 Атам менің әманда
 Әділетті бол деген.
 Ата сөзі санамда
 Жүрмін тура жолменен
 Ей, тәкаппар дүние
 Маған да бір қарашы
 Танимысың сен мені
 Мен қазақтың баласы.
 
 5
.Арайлым
 Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!
 Әр күлгенің бізге бақыт саналар.
 Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
 Елің жұртың ұл мен қызың бағалар
 Ана мейір күн көзімен пара – пар.
 Тұла бойға қуат болып таралар
 Өміріме шуақ шашып әрқашан
 Көп жасаңдар аталар мен аналар!
 
 6
.Аяулым
 Ата күні - әже күні әлем күні
 Әлемде теберінділер ақылды үні
 Әжесіз жан туған жоқ жер бетінде
 Ұғып ал бөбектерім сендер мұны
 Ата - әже мерекелеріңіз құтты болсын
 Жанұяңызға тек қана шаттық толсын
 Немерелеріңіздің өнерін тамашалап
 Жүздеріңізге көтеріңкі көңіл толсын.
 
 2-Жүргізуші:
 Асқар тауым, ақылгөйім, ғұлама,
 Аспанымдай мәңгі жаса, құлама
 Ер жетсем де еркелігім қалмайды,
 Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана!
 
 Ата ардақты тұлға «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының, қайырымды, мейірімді, ақылды іскер болуын тілеп сол үшін қамқорлық іс - әрекеттерін жерге жеткенше дамыта береді, өнеге көрсетеді, өсиет айтады.


1- Жүргізуші:

Бүгінгі кешке ауылымыздағы асыл аналарымыздың бірі, қарт ұстазымыз қазір зейнеткер   Сағадиева Гүлшат  апай келіп отыр. Анамызға рахметімізді айта отырып сөз кезегін берейік.
 
 

Тұра – тұршы есейгенде ұл – қызың
 Жүре тұршы жалғанғанда үзігің
 Маған бақыт неге керек ақ әже – ау
 Өзің бірге көре алмасаң қызығың
 
 Анамызға арнап 11 сынып оқушысы орындауында  Қожанбердина Аружанның әнін қабыл алыңыздар.
 2- Жүргізуші

Адамдар арасындағы қарым – қатынаста адамгершілік, әдеп, инабат үрдістерінің қаншалықты кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен олардың жекелеген отбасында өркен жаюына яғни баланың ата – анасын жан – жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап инабат тағылымымен үлкендерге деген қарым – қатынастарында оны мүлтіксіз жүзеге асырылуына байланысты. Қарттарды құрметтейтін олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын әдептілік кішіпейілділік сергек сезімталдық көрсетпейтін бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр? Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата – анасын ардақ тұтып өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Өз отбасынан жылу таппаған қаншама қарттарымыз қарттар үйлерінде өмірлерін жалғастыруда.
 
 Қарттар үйі – жасы ұлғайып, қараусыз қалған қарттарымызды қамқорлыққа алатын, әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып табылады және ол мемлекеттік мекеме. Қартаю – биологиялық процесс, белгілі бір жасқа жеткеннен кейін организмнің мүмкіншіліктерінің үдемелі төмендеуі.
 Қай жерде де ата – анаға қызмет көрсетуге тиістілігіңді ұмыту әсте жарамайды. Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да моральдік құқы бар. Бұл моральдік құқыны құрметтей білу керек. Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке – шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса, ол үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық жасаса қартайған ата – анасы оның отбасының құты болып табылады. Қарт кісіні құт – береке деп танысақ ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата – ана әр кезде де бақытты.
 Көрініс: Отбасы  туралы


1- Жүргізуші


 Той деп бүгін халқым шашу шашады.
 Той деп бүгін әлем сырын ашады.
 Қарттар күні мейрамына арналған
 Бишілер өнерлерін шашады
 «Қазақша   би» бір топ бишілер
 2
- Жүргізуші
 Егеменді ел болып қалыптастық,
 Өркениетке нақты анық бастық.
 Туған жердің тұғыры биік бол деп,
 Шын жүректен ән – жырды сыйға тарттық.
 Ән: «Әкелер» орындайтын 
  Шөпшекбай Диас
 1-Жүргізуш
і
 Нағыз әке ақылгөй де асқар жан
 Барлық ұрпақ әкелерден басталған
 Ал әкелер өздеріңе арналмақ
 Бұл айтатын асқақ ән.
 Ән: 
 орындайтын Орынбай Аяулым 
 2
- Жүргізуші
 Көкке өрмелеп көңілің
 Нұрға толсын өмірің
 Бақытты бол жан әке
 Ұзақ болсын өмірің
 Ән: «Әке туралы жыр» орындайтын 
 Шөпшекбай Диас
 
1-- Жүргізуші


Абырой амандығың арта берсін
 Бақ дәулет қызығымен қатар берсін.
 Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп,
 Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.
 Тыныштық елімізге бере берсін.
 Молшылық жерімізге ене берсін.
 Соғыстан ел жұртымыз аман болып
 Қызығын бейбіт өмір көре берсін
 Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін
 Денсаулық ауыз-бірлік бола берсін
 Тап-таза абыройлы болғаныңды
 Қазіргі ел билеген жастар көрсін
 деп тілек тілеп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет. Енді сіздерден осы оқушыларымызға бата берулеріңізді сұраймыз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив