Мен Елбасымен, еліммен мақтанамын » СШ№13 им. Маметовой
Жамбыл Облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«Мәншүк Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектеб»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (747) 618-61-71
Есепші бөлімі:
+7 (747) 618-61-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мен Елбасымен, еліммен мақтанамын
11
ақпан
2019

Мен Елбасымен, еліммен мақтанамын

Тақырыбы:Мен Елбасымен, еліммен мақтанамын

Мақсаты

  1. Болашақ ұрпаққа Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы мағлұмат беру
  2. Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, патриоттық  сезімдерін арттыру.
  3. Ел Президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор бол білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктерсуреттер, слайд, шарлар, Н.Ә.Назарбаевтың қанатты сөздері

1 жүргізуші

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар!

Бүгінгі 1 желтоқсан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұңғыш Президент болып сайланған күніне арналған «Мен Елбасымен, еліммен мақтанамын» атты мерекелік іс-шарамызды ашық деп жариялаймыз.

2 жүргізуші

Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,
 Қазақ елін мойындауда дос таңдап.
 Елбасының еңбегімен нұрлана
 Қазағымның мерейі тұр аспандап.
 
 Елі үшін олжа салып қиырдан,
 Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.
 Мерекеңіз құтты болсын көпшілік
 Елбасының құрметіне жиылған!
 Демекші  алғашқы сөз кезегін мектебіміздің директоры  Боржуков Қанат ағайға   және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дәлібаев Өмен  ағайға береміз.

1 жүргізуші. 

Бір басында кемеңгерлік, даналық,

 Елін сүйген елі үшін жаралып.
 Сол кісідей болса - болсын әр алып
 Адамдықтың аласармас үлгісі
  Бір өзінен жатқаны шын таралып
  Бүгін Тұңғыш Президенттің күніне

 Әсем әнді шырқата бір салалық!
 7 сынып оқушыларының  орындауында « Нұр  аға» әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – Ата-анасын қатты құрмет тұтқан,ұлттық дәстүрде тәрбиеленген, халқының бар қадір-қасиетін бойына жинаған, тілін, тарихы мен мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін, жетік білетін, ұлтын жан тәнімен сүйетін, оның мәртебесін өсіріп, халқының үміті мен сенімін, ақтап келе жатқан қалың елінің жанашыры, мұңдасы, тағдырласы бола білген ұлтжанды азамат.

2-жүргізуші Елбасы — халықаралық қауымдастыққа кеңінен танылған, өркениетті елдердің басшылармен терезесі тең, сөйлескенде сөз алатын, елдескенде мейірімін шашатын саясаткер.

«Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары, үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы- бергідегі қазақ баласының бірде-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақыты толық қанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім- білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын» — деді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

2-жүргізуші

Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол Тәуелсіз Қазақстан! Тәуелсіздік барлық Қазақстандықтар үшін аса қасиетті құндылық. Жұмыла отырып, біз тәуелсіз, өркендеген, саяси тұрақты Қазақстанды құрудамыз. «Мен өз халқымды сүйемін, оның мәні бала кезімнен сабыр мен парасатқа баулығанын мақтаныш тұтамын» деді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

7 -сынып оқушыларының орындауында " Қазақ " биі


1-жүргізуші:

Бүгінгі Астананың нұры қандай!

Көгінде желбіреген Туы қандай!

Еуропаның төрінде билік айттық,

Көрсеттік бейбіт жолды ұғынардай.

2-жүргізуші:

Сан ұлттың басын қосып Қазақстан

Бекемдеп саясатын іш пен тыстан

Елбасы, алдын ала болжай біліп,

Сүрінбей аман өттік дағдарыстан

Жыл сайын табыс қоссын табысыңа

Әр қазақ берік болсын намысына

Нұрсұлтан Назарбаев бастай берсін,

Нұрлы жол, Нұрлы заман бағытына!-дей отырып,

Хор «Жаса Қазақстан» орындайтын 7 сынып оқушылары қабыл алыңыздар!

1-жүргізуші:

Отан дейміз от жаққан жерімізді, 
 Отан дейміз өсірген елімізді 
 Отан дейміз туған жер, атамекен 
 Биік тау, орман, тоғай көлімізді

2-жүргізуші:

Қазақ ақын-жазушылары өз Отанына, туған еліне, жеріне деген ыстық сезімдерін өлеңмен жеткізген.  Қазақстан Республикасында Тұңғыш Президентіне арналған жыр жолдары. Ендеше өлең жолдарына кезек берейік.

Өлең оқу: 

1-жүргізуші:

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – Ата-анасын қатты құрмет тұтқан,ұлттық дәстүрде тәрбиеленген, халқының бар қадір-қасиетін бойына жинаған, тілін, тарихы мен мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін, жетік білетін, ұлтын жан тәнімен сүйетін, оның мәртебесін өсіріп, халқының үміті мен сенімін, ақтап келе жатқан қалың елінің жанашыры, мұңдасы, тағдырласы бола білген ұлтжанды азамат.

2-жүргізуші

Елбасы — халықаралық қауымдастыққа кеңінен танылған, өркениетті елдердің басшылармен терезесі тең, сөйлескенде сөз алатын, елдескенде мейірімін шашатын саясаткер.

 Би «Шаңырақ»                                                                  

1-жүргізуші

Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ біздер жақсы білуіміз керек.

Тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Ой бөлістім халқыммен» деген жинағынан оқушылардың жаттаған нақыл сөздері.

1-оқушы:

Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол-тәуелсіз Қазақстан.

2-оқушы:

Отанды сүю-өркениеттіліктің бірінші белгісі.

3-оқушы:

Салтанатты жарасқан қаласы бар, ұшан- теңіз байтақ даласы бар, аруақ қолдаған бабасы бар ел екендігімізді мақтан етейік!

4-оқушы:

Отаншылдық рухы бізге ауадай қажет.

5-оқушы:

Отаны бірдің-тілегі бір, жүрегі бір.

6-оқушы:

Көп ұлтты ел болуымыз-біздің байлығымыз, мақтанышымыз.

7-оқушы:

Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар.

Әлемде егемен Қазақстан бар.

1-жүргізуші:

Мемлекетіміздегі жоғарғы лауазым президенттік қызметті Отаны мен халқын шын сүйетін, ұлттық тілі, тарихы мен мәдениетін құрметтейтін, елі үшін отқа түсетін нағыз азамат, патриот қана атқара алады. Бұл Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев!

2-жүргізуші:

Қазақстан дейтін менің бар елім . 
 Жатыр алып жарты дүние әлемін! 
 Бұл даланы анам жаспен суарған,  
 Бұл далада атам қолға ту алған,  
 Бұл далада жылап келіп, уанған 
 Бұл даланы көріп алғаш қуанған 
 Бұл далада өскен жанда жоқ арман!  Би «Алға Қазақстан»

1-жүргізуші
 Ауыр күнді артымызға тастауы – 
 Қиын сәтте қиындықтан қашпауы. 
 Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,  
 Елбасымыз Нұрағаңның бастауы

2-жүргізуші 
 
Туды ұстап тура жолға түсіріп,  
 Жас Отанның өмірін де түсініп,  
 «Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,  
 Бір керемет жасады-ау кісілік!

1-жүргізуші

Азаттық, теңдік әлемі,
 Шаттыққа елді бөледі.
 Тағдыры тарих өрелі
 Көк тудың желбірегені!        Ән

2-жүргізуші 
 
«Осындай тәуелсіз елімздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»

1-жүргізуші:

Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын.

БІРГЕ: Қош сау болыңыздар!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив