Жаңа жыл 2019
1-жүр:Құрметті қонақтар,әрі балалар келе жатқан жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын,береке молшылық ,бейбітшілік,тыныштық жылы болсын!
2-жүр:Жаңа жыл,жаңа жыл
Жаңа жылда жаңа нұр.
Жасыл шырша жанында
Қол ұстасып тұрайық.
Өлең айтып би-билеп
Мерекені тойлайық.
1-жүр:Жүзімізде күлкі ойнап
Қанаттанды жанымыз.
Жаңа жылда біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз
2-жүр:Ақ қар жапты даланы
Ақ жамылды айнала
Жарқыратып шамдарын
Шырша келді ортаға
1-жүр:Жаңа жылым жол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрлет ,төрлет жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын.
2-жүр:Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жан ашыр.
Ата-әже,әке-ана
Құтты болсын,жаңа жыл.
Бір музыка айналады (Сұлтан кіреді)
Сұлтан:Амандасады.Ханшайымды іздеп келеді.
1-жүр:Дәл үстінен түстіңіз Ханзада .Ханзада мұнда демалып отыра тұрыңыз.
Қазір Аяз ата келіп қалуы керек.Оның айдай сұлу немересі бар.Мүмкін Ақша қар ұнап қалар.Аяз ата Ақша қар келгенше шығыс биін тамашалаңыз. Музыкамен Мыстан кіреді.
Мыстан:Амандасып,өзін ханшайыммын деп таныстырады.
Ханзада:Жақтырмай, шошып кетеді.
2-жүр:Ой ренжімеңіз Ханзада,бұл сізге айтқан ханшайым емес ,Мыстан ғой бұл.
Ханзада:Бұл не деген сұмдық, дереу ұстаңдар.Басын алыңдар.
Ақша қар: Жоқ-жоқ Ханзада .Олай істемеңіз. Сәлеметсіздерме?Жаңа-жылдарыңыз құтты болсын!Осында атам екеуміз келе жатыр едік ,Ханзада Мыстанның басын алайын деп жатқанын естіп,дереу келдім,қазір Аяз ата да келіп қалуы керек.
Мыстан:Кешіріңіздер , рұқсат болса мен кетейін.
Музыка айналады.Аяз ата кіреді.
1-жүр:Қош келдіңіз Аяз ата,Ақша қар келгендеріңіз қандай керемет болды.Енді кешіміз әсемдене түседі, әнде шырқалады,би де биленеді.
Ән:Айдын «Ассалаумағалейкум!»
2-жүр:Аяз ата.Ақша қар олай болса балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар.
Ортада:Би: Вальс
1-жүр: Жасыл желек жамылған
Келді сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған.
Ортада ,Ән: Бақдәулет
2-жүр:Каусар байқадың ба біздің ортамызда өткен жылдарда жаңа жыл мерекемізбен құттықтауға келіпті.
1-жүр:Иә Мейірлан олай болса ескі жылды шығарып салайық.Ит жылына біздің өкпеміз жоқ.Ит жылы бізге өте жайлы ыжл болды.
2-жүр:Олай болса балалар барлығымыз хормен ескі жылды шығарып салайық.
1-жүр:Мейірлан қарашы ит адамның досы дейді ғой сондықтан итте бізді қимай, кеткісі келмей жүр.Қош сау болыңыз ит жылы.
2-жүр:Каусар бізге жаңа жылға арнап тауық пен маймылдарда жылы лебіздерін білдіргілері келеді. Олай болса тамашалайық.
1-жүр: Қалып едік сағынып
Күтіп алдық жабылып,
Жолын қойдық жарық қып
Шыршаларға шам іліп.
Ортада:Көрініс
2-жүр:Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны
Той маскарад басталды
Аяз оны басқарды.
Ортада би:Өзбек
1-жүр:Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына
Ортада ән: Жанерке мен Айдын
2-жүр:Оралдық өлкем
Жаңа жыл армысың
Оранды ақ көрпеге
Асқартау қарлы шың
Ортада ойын
1-жүр:Мейірлан ары қарай мерекелік кешімізді жаңа жыл доңыз жылымен бірге қарсы аласақ деймін.
Музыка айналады
Өзі де келе жатқан сияқты
Доңыз кіреді
2-жүр:Қош келдіңіз жаңа жыл.Келіңіз төрлетіңіз.
Доңыз:Сәлеметсіңдерме балалар.Мен жаңа жылмын ғой.Сендерге асығып келдім.Жаңа жыл құтты болсын. Бірақ мен осында келе жатып,екі мыстан алып кеткен.Мен осы шыршаның түбіне тығып кетті деп естідім.
1-жүр:Олай болса бірге іздеп көрейік.Балалары шығады,құшақтасады би билейді.
1-жүр:Мейірланның орындауында ән
1-жүр:Ортада «Үнді»биі
2-жүр:Аяз ата Ақша қар біздің балаларымыздың жаңа жылға арналған өлең жолдары бар екен.Соны тамашалаңыздар.
1-жүр:Ортада ойын
2-жүр:Жақсы жаңа жыл келді
Асқар таумен тұлғалас
Біз осылай жылды енді
Қарсы алайық бәріміз.
Ортада көрініс
1-жүр:Ортада ән:Айгерім мен Каусар
2-жүр:Ортада «Микки Маус» биі
1-жүр:Сақалы аппақ күмістей.
Тістері аппақ күріштей
Қызыл ала шапаны
Сағындым Аяз атаны -деп біздің балаларымыздың дайындаған Бақыт,байлық,денсаулық деген көрінісін тамашалаңыздар.
Аяз ата:Қоштасу.
2-жүр:Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты,
Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.
1-жүр:Құрметті қонақтар,балалар!Осындай жаңа жылдық кешіміздің керемет өтуіне ат салысыр жүрген ата-аналарымызға достарымызға мың алғыс.Жаңа жыл құтты болсын,отбасыларыңызға тек бақытт пен қуаныш әкелсін дей отырып флешмоб биімен аяқтасақ дейміз.
Сөз кезегі:---------------

