02
желтоқсан
2024
іс-шара
Бүгін мектебімізде мектеп Парламенті өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері оқушылар арасында «Choko Day» күнін өткізді.
Бұл ерекше күннің басты мақсаты—оқушылардың көңілін көтеріп, бірлік пен достық атмосферасын қалыптастыру болды.
Шараның ең ерекше бөлігі «шоколад алмасу» акциясы болды. Әр оқушы өзі әкелген бір шоколадты басқа оқушылармен алмастырып, өзара жылы лебіздерін айтты. Бұл сәт мерекенің шынайы достыққа толы екенін дәлелді.
Тәлімгер: Г. Алдабергенова