ақпарат » СШ№13 им. Маметовой
Жамбыл Облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«Мәншүк Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектеб»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (747) 618-61-71
Есепші бөлімі:
+7 (747) 618-61-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
желтоқсан
2025

ақпарат

М. Мәметова атындағы №13ЖОББ мектебінің “ Қыз Жібек” қыздар клубының жетекшілігімен  7-10 сынып қыздарымен кезекті қыздар жиналысы өтті.
Күн тәртібінде:
1. “ Ақылды қыз білімге жүгірер,
Ақымақ қыз сөзге ілігер” 
Ашық журнал. Оразбаева Т.
Қарынбаева С.
2. Ерте жастан жүктіліктің алдын алу.
Мектеп медбикесі: Нұрбай Н.
3. “Жақсы мінез - дұрыс қарым-қатынас негізі” 
Сауалнама. Мектеп психологы: Бекбергенова Ш.
“Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі” болғандықтан халқымыз қыздың тәрбиесіне әрқашан жауапкершілікпен қараған.
Бірінші мәселе  ашық журнал бойынша негізгі тақырып  таныстырылымды ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Оразбаева Т. жасады. Және әр сыныптан бір оқушыдан шығып, 2 топқа бөліне отырып, дайындалған сұрақ төңірегінде постер жасап, қорғады. Білімалушы Сейдалы А., Берекебаева А., Нәмет З., Сыздық І., Бегалы А., Болатбек Д. ұтымды, ақылды, дәлелді пікірлер айта білді.
Басқа қыздарға өз ойларын айтуға “Ашық микрофон” ұсынылды.
Екінші мәселе бойынша мектеп медбикесі Нұрбай Н.  ерте жүктіліктің зияны, салдары туралы видеорликтер, таныстырылымдар арқылы нақты түсініктер берді. Сұрақтарға жауап берді.
Мектеп психологы: Бекбергенова Ш. сауалнама алып, дұрыс қарым-қатынас негізі жақсы, көркем мінез, дұрыс тәрбие туралы айтып өтті.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Алдабергенова Г. қыз баланың әдебі, тәрбиесі, мектептегі сырт келбеті туралы айта келіп, кемшіліктер мен артықшылықтарға тоқталды.
Клуб жетекшісі: Ембердиева А. К. қазақ қызын тек жақсы жағына тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз деп қорытындылады.
Мектебіміздің ақын қызы Бегалы А. М. Шахановтың “ Қыздарға” өлеңін мәнерлеп оқып берді.
Сонымен қатар жиналысқа сынып жетекшілер:
Болусбекова А., Зорықбаева Ә., Бұланова Қ., Құлмағамбетова Б. қатысты.
https://www.facebook.com/reel/691968053741227​​​

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив