12
қаңтар
2024
“Ерте жастағы жыныстық қатынастың жағымсыз салдары”тақырыбында дәріс ұйымдастырылды.
М.Мәметова атындағы #13 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың 12-қаңтар күні 9-11-сынып қыздары арасында қыздар жиналысы өтті.Жиналысқа мектеп медбикесі,психолог,сынып жетекшілер,арнайы маман қатысып,қыз баланың арасында ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында “Ерте жастағы жыныстық қатынастың жағымсыз салдары”тақырыбында дәріс ұйымдастырылды.
Мақсаты:Жеткіншектер арасында ерте жүктіліктің алдын алу,жастардың адам тәрбиесі мен қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарасты дұрыс қалыптастыру, ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында
“Ерте жастан жүктіліктің алдын алу”, Қажетсіз жүктіліктен сақтану”, “Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады?”туралы арнайы маман түсіндірме жұмыстарын жүргізе отырып, сұрақтарға жауап берді.
Қыздар жұмысының жетекшісі :Жумаева А.
