08
желтоқсан
2021
" Тәуелсіздік елдің тарланы"
2021 жылдың 7-ші желтоқсанында "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында М.Мәметова атындағы #13 ЖОББ мектебінің ауылдық мәдениет үйімен бірлескен " Тәуелсіздік елдің тарланы" тақырыбында Шерхан оқулары өткізілді. Байқаудың мақсаты: Шерхан Мұртазаның шығармашылығы мен қайраткерлік болмысы арқылы бүгінгі ұрпақты рухани азықтандырып, тұлғалық қалыптасуына ықпал ету. Байқаудың қорытындысы бойынша Бас жүлдені 9- сынып оқушысы Махметжан Гулназ иеленді.І орынды 9- сынып оқушысы Абдықадыр Арзуми иеленсе, ІІ орын 10- сынып оқушылары Тынысбек Мадина мен Қалықұлова Дианаға бұйырды. ІІІ орын иегері 9- сынып оқушысы Сәулебай Әлихан атанды. Сонымен қатар Қойшыбай Інжу " Өнерлі өнер" номинациясымен марапатталды. Оқушылар байқау барысында көркем әдебиет оқуға деген қызығушылығы артуда екені туралы ойларымен бөлісті. Ұйымдастырушылар: Тәтті ауылдық мәдениет үйі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қарынбаева Сандуғаш, мектеп кітапханашысы Бейсенкулова Алия.







