06
мамыр
2024
“Бейбіт күн жасасын әлемде”
М.Мәметова атындағы #13 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың 6 мамыр күні “Жас Ұлан” біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен 9 мамыр Жеңіс күніне орай “Бейбіт күн жасасын әлемде”тақырыбында мектеп кітапханасы мен Тәтті ауылдық кітапханасына және ауылдық тарихи ескерткіш орындарына экскурция жасады. Мақсаты: балаларды адамгершілікке Отанын сүюге, оны қорғауға баулу, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы, парасатты елжанды, ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу. Жас ұландықтар мен жас қырандықтарға біздің бейбіт өмір сүруіміз үшін жанын қиған, ерлікпен қаза тапқан ата-әжелеріміздің есімін ешуақытта ұмытпауымыз керектігі туралы кітапханашылар Ә.Бейсенкулова мен А.Құмбелқызы мәлімдемелер беріп, таныстыру жүргізіп, түсіндірме жасап өтті.
Тәлімгер 


