"Ұланымыз Ұлы елдің!" аудандық салтанатты жиын » СШ№13 им. Маметовой
Жамбыл Облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«Мәншүк Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектеб»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (747) 618-61-71
Есепші бөлімі:
+7 (747) 618-61-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Ұланымыз Ұлы елдің!" аудандық салтанатты жиын
23
қараша
2022

"Ұланымыз Ұлы елдің!" аудандық салтанатты жиын

Меркі аудандық білім бөлімінің қосымша білім беру мекемесі Оқушылар"Үміт" сарайында, бүгін, 23.11.2022 жылы, Меркі ауданының.            " Ұланымыз Ұлы Елдің!" атты "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының құрамына қабылдау салтанатты жиыны болып өтті.
Жиынды аудандық " Жас Ұлан" ұйымының үйлестірушісі, Оқушылар "Үміт" сарайының қосымша білім беру педагогы Турекулова Мира мен аудан мектептерінің тәлімгерлері бірге өткізді.
"Жас Ұлан"  Республикалық қоғамдық бірлестіктеріне мүшелікке, ең үлгілі, ең әдепті, терең білімді, өнерлі, озық ойлы, шығармашыл 100 оқушы қабылданды.
 Соның ішінде М.Маметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінің 5 «Б» сынып оқушылары Райымқұл Айбар  мен Әбіт Сезім де салтанатты іс шараға қатысып, ұйымға мүше болып қабылданды. 

Сондай-ақ Ұйымның дамуына үздіксіз үлес қосқан, республикалық, облыстық, аудандық іс-шаралардың белсенділері,қазіргі уақытта Жоғары оқу орындарында білім алып жатқан, бұрынғы жасұландықтар  М.Маметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінің түлектері ізгі тілектерін видеороликтер арқылы жіберген екен,зал экраннан тамашалады.
"Жас Ұлан" Республикалық балалар мен жасөспірімдер ұйымының ТУЫ кіргізіліп, ұрандары айтылды.
Салтанатты түрде АНТ беру рәсімін М.Мәметова атындағы № 13 жалпы орта білім беретін мектебінің  5 «Б» сынып оқушысы,оқу озаты Райымқұл Айбар айтып,қалған балалар "Ант етеміз!" деп хормен қосылды.
Галстук тағу рәсімін тәлімгерлер мен қонақтар атқарды. 
Тәуелсіз ел аясында бейбіт өмірдің құшағында бақытты балалық шағын кешіп жүрген  жас достарымызды Жасұлан  ұйымына қабылдануларымен құттықтаймыз!
Салтанатты шара соңында естелік фотоға түсіп,балалар ерекше көңіл -күймен , мойындарында көк галстуктері желбіреп тарасты.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив