Аз қамсыздандырылған отбасынан шыққан оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамту.
Аз қамсыздандырылған отбасынан шыққан оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамту.
М.Мәметова атындағы №13 жалпы білім беретін мектебінде 2018-2019 оқу жылына 10 отбасының 22 баласы ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.Оларға жеке-жеке өтініштері жазылып бұрыштамалары ұрылды.Мектеп директоры осы аталған балаларға бұйрықтар шығарды. Асхана жағдайы бір қалыпты, күнделікті ылғалды тазаланып, залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп отырады. Бүлінген ыдыстар акт жасалу арқылы арнайы қорапқа салынған. Тоңазытқыштың температурасы нормаға сай.
1.Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан көрсетілетін қызметті алушылар санаты үшін көрсетілетін қызметті алушының жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама.
2.Отбасының материалдық-тұрмыстық ахуалын зерделеу негізінде жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну
3.Отбасының алған табысы туралы мәлімет
Осы аталған санаттар бойынша ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін оқушы жоқ екені анықталды.

