

“Қатыгездік пен зорлық- зомбылықтың алдын алу”

Ағымдағы жылдың қараша айының 27 күні М.Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінде 8-11 сынып білім алушыларының қатысуымен “Заң мен тәртіп ” аясында “Қатыгездік пен зорлық-зомбылықтың алдын алу” тақырыбында түсіндірме жиналысы өтті.

Жиналысқа АПБ ның полиция инспекторы Сыдықбеков Нұрым Ерланұлы қатысты.

Жиналыс барысында оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу, заңды сақтау, қауіпсіз мінез-құлық ережелері және өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қауіпсіз және жауапты тұлға болып қалыптасуына ықпал ету.

Жиын соңында оқушылар мамандарға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алды.