28
қараша
2025
ақпарат
Сабақ барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңнамаларынан мәліметтер беріліп, қауіпсіздік ережелері талқыланды. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, тұрмыстық және мектеп ортасында кездесетін қауіпті жағдайлардың алдын алу жолдары түсіндірілді. Топтық тапсырмалар, сұрақ-жауап, жағдаяттық талдаулар арқылы оқушылардың құқықтық ойлау қабілеттері мен өзін қорғау дағдылары дамытылды.
Іс-шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, құрдастарымен және ересектермен сыйластық қарым-қатынас орнатуға, зорлық-зомбылықсыз орта қалыптастырудың маңызын түсінуге ықпал етті.
Сынып жетекшілер: Танабаева Т., Таутай Г.