
ТЕМІР ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ

Ағымдағы жылдың қазан айының 20 күні М.Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінде станциядан келетін оқушылардың ата- аналарымен оқушыларға жолда жүру ережелері мен теміржол қауіпсіздігі тақырыбында Тәтті станциясының басшысы Нупбаев Мұхит Мұратұлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Мақсаты – оқушылардың жеке қауіпсіздігі мен жауапкершілігін арттыру, қауіптің алдын - алу.

Тғмір жол қауіпсіздік ережелерімен таныстыру барысында:
–Темір жол өткелдерінен өткенде абай болу;
– Поезд келе жатқанда құлаққап кимеу, телефон қолданбау қажеттігі айтылды.
– Поезд жолының маңында ойнамау;
– Теміржол өткелінен тек арнайы белгіленген жерден өту;
– Теміржолда тұрған заттарға, құрылғыларға тиіспеу – үлкен қауіптің алдын алады.

Балалар қауіпсіздігін бірге сақтайық!
