05
қыркүйек
2025
Ақпарат
Ағымдағы жылдың 20 «04» қыркүйек күні бастауыш сыныптарда «Жол ережесін сақтайық» онкүндігінің ашылуы өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың жолда жүру мәдениетін қалыптастыру, жолда өзін-өзі дұрыс ұстай білуге тәрбиелеу, жол-көлік апаттарының алдын алу.
Ашылу салтанатында оқушыларға жол қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді, түрлі көрнекіліктер көрсетілді.«Бағдаршам ережелері», «Жүргінші жолы» тақырыптарында әңгімелер жүргізіліп, оқушылардың қатысуымен қысқа көріністер қойылды.
Сонымен қатар оқушылар арасында жұмбақтар шешу, сұрақ-жауап, сурет салу жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шара соңында онкүндіктің жоспарымен таныстырылып, барлық сыныптарға арнап танымдық шаралар өткізілетіні айтылды.
