

Темір жол қауіпті аймақ!

2025 жылдың 14 қазан күні Тәтті станциясының темір жол бекетінде М.Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Б.Мамырбаев Тәтті станциясынан қатынап оқитын оқушылардың ата - аналарына “Темір жол қауіпті аймақ!” тақырыбында құқық бұзушылықтардың алдын алу жауапкершілігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Темір жол маңындағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.

Рельстерден өту кезінде сақтық шаралары туралы айтылды.

Әрқашан тәртіпті сақтап, өз өміріңізді қорғаңыз!