ақапарат » СШ№13 им. Маметовой
Жамбыл Облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«Мәншүк Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектеб»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (747) 618-61-71
Есепші бөлімі:
+7 (747) 618-61-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
қазан
2025

ақапарат

🔰⚜️🔰 Ағымдағы жылдың 10 қазаны күні М. Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінде 
⚜️Қазақ ССР-нің ауыл шаруашылығына еңбек сіңірген қызметкері, Меркі ауданының Құрметті азаматы, Соғыс және еңбек ардагері Қайсарбай Ыдырысұлы атындағы тарих кабинетінің ашылу іс-шарасы өтті. 
⚜️Салтанатты жиынға аудандық білім бөлімінің әдіскері Д.Көшербаев, ауыл әкімі Д. Суанбеков Қайсарбай атамыздың жан-жары, ұл-қыздары, ауылдық ақсақалдар алқасының мүшелері, ардагер ұстаздар, қамқоршылық кеңес төрайымы және Тәтті ауылына қарасты елді-мекен өкілдері мен мекеме басшылары қатысты. 
⚜️Қонақтар мектеп оқушыларының дайындаған шағын концертін тамашалап, кейін кабинеттің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. 
⚜️Қайсарбай Ыдырысұлының қызы Қожа Ахмет Яссауи Атындағы Халықаралық Қазақ – Түрік Университетінің вице-ректоры, эконмика ғылымдарының кандидаты, профессор доцент
Ыдырысова Эльмира Қайсарбайқызының бастамасымен атамыздың ұл-қыздарының демеушілігімен мектеп қабырғасында Қайсарбай Ыдырысұлына арналған тарих кабинеті толық заманауи тұрғыда  жабдықталып, кабинеттің  қызыл лентасын жергілікті ақын атамыз Ә.Қоңқабаева пен Б. Ыдырысов қиды. Аталарымыз ақ батасын беріп,апаларымыз шашу шашты.
⚜️ Тарих кабинеті заманауи жаңа парталармен,  LED экран, маркелі тақта,  мұғалім үстелі және орындығымен толығып, карта жинайтын  арнайы шкаф, қабырғасына үлкен дүние жүзілік карта  орнатылды.
 ⚜️Іс-шара қорытындыланып, әдіскер Д. Көшербаев  Қ.Ыдырысов әулетіне  білім бөлімінің басшысы А. Алтынбаеваның арнайы  Алғыс хатын табыс етті.
⚜️Мектеп директоры Б. Мамырбаев өз кезегінде атамыздың ұрпақтарының бұл  игі ісі, білім ордасына деген ықылас-пейілдері – бүгінгі өскелең ұрпаққа үлгі болары сөзсіз екенін атап өтті. 
  Бұл сыйлық – тек материалдық емес, рухани мәні терең тарту. Сондықтан осындай тартулары үшін  Қ. Ыдырысовтың ұл-қыздарына мектеп ұжымы атынан шынайы АЛҒЫСЫН білдірді
https://www.facebook.com/reel/1173658838011155

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив