10
қазан
2025
ақпарат
Бүгін біздің әулетіміз үшін атаулы ерекше күн болды. Туып өскен ауылымызға барып өзіміз білім алған М.Маметова атындағы орта мектепте әкеміз Қайсарбай Ыдырысұлының атындағы тарих кабинетінің ашылу салтанатына қатыстық. Әкеміздің еңбегіне, рухына деген шексіз құрмет біздің жүрек қалауымызбен заманауи жабдықталған керемет кабинетке үйлесті. Арманымыз - осы кабинеттің табалдырығын аттаған әрбір оқушының тарихқа, туған ауылына, еңбекке деген құрметі артып, қазақ елінің мықты азаматтары болып қалыптасса. Әкеміздің абыройлы жолы ұрпақтан ұрпаққа жалғасын таба берсін. Салтанатты іс шараны керемет ұйымдастырған М. Мәметова Атындағы Мектеп ұжымы мен оқушыларына, әулетіміздің атынан зор алғысымызды білдіреміз. Ұрпақтар сабақтастығы үзілмесін!
Оқыған құран, берген асымыз қабыл болсын!


