Білім күні » СШ№13 им. Маметовой
Жамбыл Облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«Мәншүк Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектеб»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (747) 618-61-71
Есепші бөлімі:
+7 (747) 618-61-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
қыркүйек
2023

Білім күні

М.Мәметова  атындағы № 13 жалпы орта білім беретін мектебінде  1 қыркүйек -  Білім күніне орай  «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» атты  салтанатты жиын  өтті.  Жиынға аудандық білім беру бөлімінің  әдіскері  Сақыбай Айбек Қайратұлы, ауыл имамы Көпбосынов Асхат Мүсіретбекұлы, қамқоршылық кеңесі мүшелері, ардагер ұстаздар қатысты.
Алғашқы құттықтау сөз мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы Қали Әшімханұлына берілді. Ол өз  сөзінде былтырғы оқу жылының жетістіктерін атап өтіп, биылғы оқу жылындағы атаулы даталарға тоқталып, салтанатты жиынға қатысушыларды мерекемен құттықтады. 
 2023-2024 оқу жылында 29 оқушы мектеп табалдырығын аттап отыр. Қонақтар бүлдіршіндерге жылы лебіздерін білдіріп, жаңа оқу жылына толағай табыстар тіледі. Сондай-ақ салтанатты  жиында аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Сақыбай қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.Каринбаеваға оқу ағарту министрі Ғ. Бейсембаевтың Құрмет грамотасын  табыстады. 
Бөбек пен түлек жұп болып, алғашқы қоңырау соғылып, салтанатты жиын өз мәресіне жетті. 
       Соңынан оқушылар  «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт»                             атты алғашқы тәрбие сағаттарына  шақырылды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив