
Ағымдағы жылдың наурыз айының 5 күні М.Мәметова атындағы № 13 ЖОББ мектебінің 7 «А» және «Б» сыныпттары арасында «Діни экстремизм және терроризмнің алдын алу» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

Мақсаты: Мектеп жасындағы балалардың, түрлі діни ұмымдардың іс әрекеттерімен таныс болып, саяси әлеуметтік бүлік шығарушы топтардан аулақ болуын алдын алу; Білім алушыларға сынып жетекшісі Д.Жорақызының арнайы дайындаған материалдарымен слайд көрсетілді. Оқушылар қажетті түрлі ақпараттармен танысып, өз пікірлерімен бөлісті. Сынып сағаты білім алушылардың таныс емес адамдармен байланыста болуының қауіпті екендігі және қандай да бір экстремизмнің белгілері байқалған жағдайда арнайы байланыс телефондарына ескерту берілу керек екендігімен қорытындыланды.
Сынып жетекшілер: Жорқызы Д, Қараталова Ф