14
наурыз
2025
Тәрбие сағаты
Күн мен түннің теңелер уақытын жыл басына балап, 22 наурыз күнін мереке етіп тойлау - ертеректен қалыптасқан. Осы орайда М. Мәметова атындағы № 13 жалпы орта білім беретін мектебінің 7 «А,Б» сыныптарының білім алушыларымен, жетекші Ф.Қараталованың ұйымдастыруымен, оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылық пен халқымыздың салт-дәстүрлерін қастерлеуге және наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, дамыту мен көркейту мақсатында «ӘЗ НАУРЫЗ» танымдық сағаты өткізілді. Білім алушылар наурыз мерекесінің шығу тарихы мен қатар салт-дәстүрлер туралы да мәліметтер алды. Бата түрлерін жаттаған оқушылар да өз өнерлерін көрсетті. Мерекенің басты тағамы наурыз көженің жасалу жолын үйренімен танымдық сағат қорытындыланды.
Сынып жетекшісі: Қараталова Ф