24
желтоқсан
2024
іс-шара
М.Мәметова атындағы №13 ЖОББМ бастауыш сынып ата-аналарымен, 20.12.24 ж. күні “ Зейінді, назар аударуды дамыту жолдары” тақырыбында ата-аналарды қолдау орталығының кезекті сабағы өтілді.
Мақсаты: ата-аналарға балалардың зейінін сабақ оқуға аударуда кездесетін қиындықтардың шешу жолдарын қарастыру, көмек беру.
Зейін, назар аудару түрлері туралы айтылды.
Қазіргі уақытта балалардың зейіннің төмендігі, тұрақсыздығы туралы слайдтар арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Балалардың тамақтануы, ұйқысы, теледидар, телефон пайдалану мәдениеті туралы, олардың зейінге, назар аударуға әсерлері туралы әңгіме жүргізілді.
Ата-аналармен проблеманы шешуде “Сөзді оқымай, түсін айт”, “Дәндерді сұрыптау” тапсырмалары арқылы балаларда назар аударуды қалыптастыруға болатыны түсіндірілді.
Ата-аналар “Еркін микрофон” әдісімен ой-пікірлерімен бөлісті.
Назар аудару, зейінді тәрбиелеу - жақсы оқудың алғышарты екендігіне көз жеткізді.
Ертегі айту, ертегі оқу бала назарын аударуда үлкен роль атқаратынын ата-аналарға мысалдар арқылы жеткізілді.
Бастауыш сынып мұғалімі: Ембердиева А. К.


Все реакции:2Гульшат Разакова и Саламат Карибаев