22
қазан
2022
Кастинг директорымен кездесу
Жуырда мектеп Парламенті өзін—өзі басқару ұйымы мүшелері мен «Жас Ұлан» ұйымы мүшелеріне кәсіптік бағдар беру және кино түсірілімдеріндегі түрлі жұмыстардың жүру барысынан мағлұмат беру мақсатында мектебімізде отандық кинолар мен сериалдарда кастинг директоры қызметін атқарып жүрген мектеп түлегі Ықыласбаева Айдана Абдуллинқызымен кездесу өтті.
⚜️⚜️⚜️Еркін форматта өткен кездесуде Айдана Абдуллинқызы кино түсірілімдеріндегі кадрдан тыс жұмыстарға шолу жасап, әзірлеп келген видеоролигін көрсетті. Соның бірі түсіріліміне өзі қатысқан, қазіргі таңда Қазақстанда рейтингі ең жоғары сериалдардың бірі «Келінжан» ға көбірек тоқталды. Онда ойнаған актерлердің персонаждарының мінез-құлқына талдау жасап, қиыны мен қызығы көп жұмысынан оқушыларға кеңінен мағлұмат берді.
⚜️⚜️⚜️Оқушыларда өз кезегінде сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.
Кездесу соңында Айдана қараша айында кинотеатрларға жол тартатын «Келінжан» фильмінің көрсетіліміне 4 билет сыйлады.
Ұйымдастырушылар: тәлімгер Г. Алдабергенова
Кәсіптік бағдар беруші маман: Н. Демеубаева