12
сәуір
2022
«Мамандығым мақтанышым» атты сұхбат, пікір алмасу, кездесу өткізілді.
«Жас ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен білім алушылардың өз мамандық майталманымен кестестіре отырып, пікір алысуға, өз ісінің шебері болуға жүйелі көзқарас қалыптастыру мақсатында Тәтті ауылдық округінің Әкімі Әлметов Талғат Аманқұлұлымен «Мамандығым мақтанышым» атты сұхбат, пікір алмасу, кездесу өткізілді. Кездесу барысында мамандық таңдау туралы бейнеролик көрсетіліп, оқушылар ауыл әкіміне мамандық туралы сұрақтарын қойып, Талғат Аманқұлұлы барлығына жауап беріп, осы қызметке келгенге дейінгі жұмыс істеген салаларына тоқталды. Оқушыларға болашақта мамандықтарынан қателеспей, дұрыс таңдау жасауына тілек білдірді. Мектеп директоры Қанат Әбдіқадырұлы өз кезегінде адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындалуы керектігіне тоқталды. Іс-шараны мектеп тәлімгерлері Г.Алдабергенова, Н.Демеубаева


