Брокераж комиссия мүшелерінің асхана жағдайын тексеру бойынша анықтама
М. Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебі
Ас блогының санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылау туралы анықтама
2021 жылдың қараша айының 16-17 күндері бракераждық комиссия мүшелері ас блогының санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылау мақсатында тексеру жүргізілді.Мектеп медбикесі А. Тлеукулова журналдарын тексеру барысында тағамдардың және аспаздық өнімдердің сапасын органолептикалық бағалау журналына жазба енгізілгені, дайын тағамдардың сапасына органолептикалық бағалау жүргізілгені, тамақ өнімдерінің сапасын растайтын құжаттардың көшірмелері жеке папкада сақталғаны анықталды. Мектеп асханасында «Дұрыс тамақтану» бұрышы жасақталған.Тексеру барысында дайын тағамның шығуы көрсетілген мәзір күнделікті мәзірдің перспективалы мәзірге сәйкес келді,күн сайын ас блогында нақты ас мәзіріне сәйкес дайын өнімнің тәуліктік сынамасы алынған.Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттары, олардың пайдаланылатын тізбесі туралы мәліметтер түгел. Тексеру барысында дайындалған тамақтану көлемінің бір реттік порция көлеміне және балалар санына сәйкес келді. «Дайын өнімнің бракераж журналына» органолептикалық бағалау нәтижелерін енгізе отырып жүргізу әдістемесіне сәйкес келді. Ас блогы үй-жайларының жай-күйі: атап айтсақ асхананы жуу және өңдеу үшін және ас үй ыдыстары үшін жеке жағдайлардың болуы,жуу құралдарын сақтау және таңбалау шарттары (жеке жабық ыдыста), тамақ қалдықтарын жинауға арналған ыдыстың болуы т.б талаптарға сәйкес келеді. Асханада шикі және дайын өнімдерді бөлек сақталған.Сондай-ақ пішіні өзгерген, жиектері сынған, сызаттары, сынықтары бар, эмалы зақымданған,алюминийден жасалған,пластмассадан және жұқа тақтайдан жасалған мүккәмаланған ыдыстарды пайдалануға жол берілмейдіАс блогының санитарлық-гигиеналық жағдайы қанағаттанарлық.