№1 Педагогикалық кеңес
№13 М. Мәметова атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 31.08.2022 жылы жаңа оқу жылының басталуына байланысты жоспарланған №1 педагогикалық кеңес өтті. Күн тәртібіне қойылған жаңа оқу жылына мектептің дайындығы, 2022-2023 оқу жылындағы мақсат-міндеттер мен ерекшеліктер, жыл бойында жұмыс жүргізетін нормативтік-құқықтық құжаттар, оқушылардың оқулықпен қамтылуы, мұғалім жүктемелерінің бекітілуі т.б. сияқты негізгі мәселелер қарастырылды.