Мектеп тарихы » СШ№13 им. Маметовой
Жамбыл Облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«Мәншүк Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектеб»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (747) 618-61-71
Есепші бөлімі:
+7 (747) 618-61-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
қыркүйек
2022

Мектеп тарихы

Мектеп тарихы


         «Қазақтың тағдыры, келешегі мол ел болуы да мектептің қандай негізге құрылуына тіреледі.  Мектебімізді сау, берік hәм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізге құра білсек, келешегімізге тайынбай серттесуге болады» деп ұлы педагог М. Жұмабаев айтқандай, біздің болашағымызды мектеп айқындайды.          

         № 13 М.Мәметова атындағы орта мектебінің негізі 1930 жылы құрылған.    Алғашқы жылдары «Тәтия» бастауыш мектебі, 1937 жылдан «Тәтия» 7 жылдық мектебі, 1964 жылы  Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова есімімен аталып, орта мектеп болып қайта құрылды. 1966 жылы алғаш рет 10 сынып және 11 сынып түлектерін қатар ұшырды. Биыл 43 –ші түлектерін аттандырды.


Мектептің алғашқы басшысы 
         Сауранбаев   Абайдулла Сауранбайұлы   1964 жылға дейін
      Нүсібәлиев Оспанбек          Дәуренбеков Әбдікерім        Әбдіқасымов Рахым

       1964-1974жж.                         1974-84жж.                            1984-85жж.

                                                                                                         Төлетбек Бақыт
2005 -2007жж.
      Мамырбаев Қырықбай             Көбеков Бақыт                   
          Мамырбайұлы                         2003-05жж.                        
1985- 2003жж . 

                                                                                               Әшімбеков Анархан 

                                                                                                   2007-2010жж.


Ұлттық болмысты қалыптастыру, әдет –ғұрыппен салт –сананы оқушылар бойынан табуда, оқу-тәрбие үрдісін «Халықтық педагогиканың» элементтерін енгізу нәтижелі екеніне көзі жетіп, мектеп ұстаздары сабақта, сабақтан тыс уақыттарда пайдаланып мол тәжірибе жинақтады. Соның нәтижесінде ауданда алғаш рет «Қыз сыны» байқауы өткізілді. Одан кейін аудандағы мектеп аралық «Жігіт сұлтаны», ақындар айтысына қатысып оқушылар жүлделі орындарға ие болып бағалы сыйлықтармен грамоталармен марапатталды. Спорт, домбыра үйірмелері жұмыс істеді. Өз нәтижелерін беріп жатты.

     1990 – 1992 жылдары «Халықтық педагогиканың» элементтерін мектеп өмірінде пайдалану аясында «Бала тәрбиесі –халықтың қайнар көзі» атты ғылыми практикалық конференция облыс, республика көлемінде Жамбыл қаласында өтті.

Ардагер ұстаздар


          Мектепте ұзақ жылдар жемісті еңбек еткен ардагер ұстаздар:  Қосаев Рахметжан, Садриева Гүлрайхан, Абдразақова Сәуле, Әміртаева Дәмен,

Есеева Рысжан.

          Қосаев Рахметжан -- 1929 жылы 1 қазанда  Тәтті ауылында дүниеге келген. 

Абай атындағы педучилищені 1952 жылы бітірген. Алматы қаласындағы Абай атындағы пединститутты 1966 жылы бітірген. 

          1964—1972 жж. №13 М.Мәметова атындағы орта мектеп жанындағы интернатта меңгеруші қызметінде, 1972—1981 жж. директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, 1982 жылдан зейнетке шыққанға дейін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып еңбек етті. 

          Кеңес үкіметінің ( СССР) Құрмет грамотасымен (1977ж), Қаз ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері  белгісімен (1980ж), аудандық Еңбек Ері грамоталарымен марапатталған.

Садриева Гүлрайхан— Меркі ауданы. Тәтті ауылында дүниеге келген.  


1951 жылы Алматы педучилищесіне қабылданып, училищенің қоныс аударуына орай Қызылорда қаласында аталған училищені 1955 жылы аяқтап шықты.

          1955 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін №13 М.Мәметова атындағы орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеді. 

          Бірнеше аудандық мақтау грамоталарымен марапатталған. 1986 жылы ҚазССР оқу министрлігінің оқу ісінің озық қызметкері белгісімен марапатталды.


          Әміртаева Дәмен—1949 жылы наурыздың 8-інде Меркі ауданы, Жданов ауылында дүниеге келген.

          1968 жылы Жамбыл қаласындағы педучилищеге түсіп, 1972 жылы аяқтап шықты. 1973 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтына түсіп, 1978 жылы тарих мамандығы бойынша аяқтап шықты.

          Алғашқы еңбек жолын 1972 жылы Жданов атындағы 8 жылдық мектептен бастады. 1979 жылдан бастап зейнеткерлікке шыққанға дейін №13 М.Мәметова атындағы орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып ұзақ жылдар талмай еңбек етті.

          Бірнеше мәрте Аудандық Құрмет грамоталарымен, облыстық мақтау қағаздарымен марапатталған. 2002 жылдан бастап зейнеткерлік демалыста.


          Жақанова Күлдана - 1947 жылы 10-ші ақпанда Меркі ауданы, «Сыпатай» (Қызылша с/х ІІ-бөлім.) туған. 1965 жылы 11 сыныпты аяқтап, Меркі селосындағы педагогикалық курсқа түсіп, 1966 жылы бітіріп бастауыш сынып мұғалімі мамандағын алып шықты. Осы жылы Тәтті ауылындағы                     №13 М. Мәметова атындағы орта мектеп жанындағы интернатқа тәрбиеші болып орналасты. 1967-2002 жылдар аралығында бастауыш сыныптар мұғалімі болып жемісті еңбек етті, мектеп кәсіподақ комитетінде ұйым төрағасының орынбасары міндетін бірнеше жыл атқарды.  Өзінің ізденімпаздығы мен біліктілігінің нәтижесінде аудандағы ең беделді ұстаздардың бірі болып саналды.

          Бар саналы ғұмырын жас ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұлағатты ұстаз, шебер ұйымдастырушы 2002 жылы үлкен абыроймен зейнеткерлікке шықты.

          Бірнеше рет аудандық, облыстық білім бөлімдерінің Құрмет грамоталарының иесі болды.

          

          Абдразақова Сәуле --  Жамбыл облысы,   Меркі ауданы, Екпінді ауылында 1948 жылы 10 маусымда дүниеге келген. 


          1961 жылы Жамбылдағы Абай атындағы педучилищеге түсіп, 1965 жылы аяқтап шықты. 

          Екпінді бастауыш мектебінде еңбек жолын бастап 1970-1971 оқу жылынан  №13 М.Мәметова атындағы орта мектебінде зейнеткерлікке шыққанша еңбек етті.

          Екі облыстық Құрмет грамоталарымен, бес аудандық Құрмет грамоталарымен марапатталды. 1990-91 жылғы оқу жылында «Аға мұғалім» атағының иегері. Халық педагогикасын таратуда жетістіктері көп.

         

          Есеева Рысжан – 1947 жылы 10 наурызда  Жамбыл облысы. Меркі ауданы. Ленин жолы ауылында дүниге келген. 

          1969 жылы Қызылорда педагогикалық училищесін бастауыш сынып бойынша бітірді. 1982 жылы бастауыш сыныптар мұғалімі ретінде шығармашылық есебі тыңдалып, іс-тәжірибесі аудан көлемінде таратылды, нәтижесінде осы жылы Қазақ ССР оқу ісінің үздігі меделімен марапатталды.

          1978 жылы Қызылорда  пединститутының жаратылыстану факультетіне түсіп, 1983 жылы биология мамандығы бойынша М.Мәметова орта мектебінде мұғалім, 1984—1988 жылдары бастауыш сыныптарда оқу ісінің меңгерушісі, 1988—1994 жылдары интернат меңгерушісі, 1996—2003 жылдары директордың оқу ісі меңгерушісі болып қызмет етті. 2005 жылы құрметті демалысқа шықты. 

          Облыстық ағарту ісінің озық қызметкері, аудандық кәсіподақ пен білім бөлімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.

          

          Сағадиева Күлшат Сағадиқызы - біліктілігі жоғары санатты ұстаз. Оқу министрінің Құрмет грамотасы мен марапатталған. «ҚР білім беру ісінің үздігі» Сағадиева Күлшат Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Тәтті ауылының «Беларық» бөлімшесінде 1949 жылы 5-қаңтарда дүниеген келген. 

          

          1966 жылы орта мектепті, 1970 жылы Қызылорда қаласындағы Педогогикалық институтының физика-математика факультетін бітіріп, еңбек жолын өзі оқыған №13 М. Мәметова атындағы орта мектебінде ұстаздықтан бастады. Осы мектепте еңбек ете жүріп бірнеше жылдар мектеп бастауыш комсомол партия ұйымдарының хатшысы қызметін атқарды. 

          1972 жылдан 2002 жылдар арасында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін абыроймен атқарды. Қазақстанда қой санын 50млн-ға жеткізуге байланысты шыққан үндеуге ат салысты. Шопан - комсомол жастар бригадасын құрудың ұйытқысы болды. Ұстаз туралы шәкірттерін баспасөз беттерінде «Ұстаздық еткен жалықпас», «Жас та болса іскер ұстаз», «Бағалы қасиеттерге негізделіп» т.б. мақалалары жарық көрді. 

          1988-жылдардан бастап оқу-тәрбие процесінде халықтық педагогика элементерін енгізіп  еңбек етті. Осы  орайда ұстаздың баспасөз беттерінде «Халықтық педагогика деген не?» «Ұрпақ салтын қадірлемей, тәрбие қалпына келмейді» т.б. мақалалары жарық көрді. 

          Тәрбие жұмысы бойынша аудандық, облыстық семинарлар өткізіп, іс-тәжірибесі аудан, облыс көлемінде таратылды. «Халық педагогикасы - бала тәрбиесінде» атты облыстық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, облыстық білім департаментінің Құрмет грамотасымен марапатталды.         Облыстық мұғалімдердің кәсіби біліктілігін жетілдіру мен қайта даярлау институты Г.Сағадиеваның іс-тәжірибесі бойынша «Халық педагогикасы-тәрбиенің қайнар көзі» атты кітапша шығарды.

           Республика көлемінде таратылып, бірнеше аудандық, облыстық, республикалық,  алғыс хаттар ,  дипломдар,  грамоталар иесі – Г.Сағадиева үнемі ізденіс үстінде. 

          Мектепте «Этнографиялық, кәсіптік бағдар беру,  тәрбие жолы - сан тарау» атты әдістемелік кабинеттерді ұйымдастырып жабдықтады. 

          

          Ақмырзаева Жанар Байгелдіқызы--  Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылында 1946 жылы 19 желтоқсанда дүниеге келген.

          1963 жылы ҚазПИ-дің жаратылыстану факультетінің химия-биология мамандығы бойынша 1968 жылы бітіріп шықты.

          1968 жылдан 1985 жылға дейін №13 М.Мәметова орта мектебінде жемісті еңбек етті. 1986 жылы жолдасының қызмет бабымен қоныс аударуына байланысты №11 орта мектепте жұмыс істеді. 1989 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін қайта № 13 орта мектепте жұмысын жалғастырды. Химия сабағында оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, оқушының білім деңгейін қалыптастыру тақырыбында жұмыс істеді. 

          1989 жылы Қазақ ССР халыққа білім беру  министрлігінің Құрмет грамотасымен,  2004 жылы Меркі аудандық мәслихаттың  Құрмет грамотасымен, 2008 жылы Жамбыл облыстық Білім қызметкерлері кәсіподағының және Білім бөлімінің Құрмет  грамотасымен марапатталды.  Қазір еңбек демалысында. 

          

          Қашқынбекова Дариякүл — 1950 жылы 8 ақпанда Меркі ауданы, Сыпатай ауылының  Қызыл ту бөлімшесінде дүниеге келген.

          1967-71 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының физика-математика факультетін математика мамандығы бойынша бітіріп шықты.

          1971 жылы №13 М.Мәметова орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып 1997 жылға дейін қызмет етті. 1997-2002 жылдары арасында Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институтында информатика және ЕТ зертханасында әдіскер болып қызмет атқарды. 2002 жылдың желтоқсан айынан бері №13 орта мектепте информатика пәнінің мұғлімі болып жұмыс істеді.

           2002 жылы «Компьютерді математика сабағында пайдалану» әдістемелік нұсқауын дайындады.

          2001 жылы 8-9 қарашада Қазақстан Республикасы   тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының ұйымдастыруымен өткен «Қазақстан Республикасында орта білім беруді дамытудың мәселелері мен тенденциялары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда «Жаңа ақпараттық технологияларды оқыту және білім беру үрдісін ақпараттандырудың мәселелері» тақырыбында баяндамасы жинаққа енгізілді.

          2002 жылы 28 маусымда « Үздіксіз білім беру жүйесін жетілдірудегі өзекті мәселелер» атты ғылыми-практикалық конференцияда «Жаңа ақпараттық технологияларды әр түрлі пәндерді оқытуға пайдалану» тақырыбында баяндамасы жинаққа енгізілді.

          2005 жылы математика, информатика пәндері мұғалімдеріне «Жас мұғалімдерге көмек» деген әдістемелік нұсқау құрастырып, аудандық семинарда информатика пәнінің мұғалімдеріне таратылып берілді.

          1992 жылы Жамбыл облыстық білім беру қызметкерлері кәсіподағының Құрмет грамотасымен, 1998 жылы 4 қазан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің грамотасымен, 2000 жылы 1 тамызда «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі» төс белгісімен, 2005 жылы Меркі ауданы әкімінің білім және спорт бөлімінің Құрмет грамотасымен, 2007 жылы Меркі ауданы әкімиятының білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды.

          Баймедетова Бахыткүл Әрнебайқызы—1953 жылы 5 қаңтарда Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданындағы Жаңатұрмыс колхозында дүниеге келген. 

1969 жылы Алматы Қазақ қыздар педагогикалық институтының филология факультетінің қазақ бөлімін 1973 жылы үздік дипломмен бітіріп шықты.

          1973 жылы  №13 орта мектебінде  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып еңбек жолын бастады. 

          1992-1996 жылдар арасында іс-тәжірибесі жинақталып таратылды. Білім басқармасының аудандық әдістемелік кабинетінің басшылығымен шығарылған кітапта да «Біз Абайды білеміз бе?» тақырыбында өткізілген лотерея  сабағы басылып шықты және «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналының 1995 жылғы      №16 санында «Бәйге» айдарымен жарияланды.

          1993 жылы облыстық  «Атамекен» жәрмеңкесіне қатысып, облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтының дипломымен марапатталды.

          1994 жылы А.Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толу мерекесіне байланысты аудандық білім беру басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген мектепаралық байқауда «Үздік Абайтанушы» атағын жеңіп алды. 

          Аудандық «Сынып жетекшісі—96 » байқауына қатысып, ІІІ орынды иеленді. 

        Ұлттық педагогиканы сабақта және сабақтан тыс іс-шараларда пайдалана отырып аудандық  бірнеше семинарларда (1990 жылы «Парасат» Қыз сыны, 1992 жылы «Елім –ай» ұлттық – этнографиялық ойын сайысы, 1993 жылы «Үстеу түрлерін қайталау»  жәрмеңке сабағында) өз іс-тәжірибесін аудан мұғалімдеріне көрсетіп тәжірибе алмасты, мол тәжірибесін жастарға үйретуден жалыққан емес.

        Бірнеше рет аудандық (1990, 1992), облыстық  2 рет (1996ж, 2005ж) Құрмет грамоталарымен, аудан әкімиятының Құрмет грамотасымен (2004ж), аудандық мәслихаттың Құрмет грамотасымен (2007ж) марапатталды. 

          Әбдіжапарова Айша Жақанқызы – 1952 жылы 25 тамызда Меркі ауданы Тәтті қой совхозының «Ленин жол» («Ақ жол») ауылында туған.

          1973 жылы Жамбыл педагогикалық институтының физика –математика факультетінің математика бөлімін бітірді. 

       1973 жылы «Ақ жол» ауылындағы  №15 Жауғаш батыр атындағы орталау мектепте ұстаздық еңбек жолын бастады. 1974 жылдан №13 М.Мәметова орта мектебінде үздіксіз еңбек етіп келеді. Өз мамандығы бойынша аудандық педагогикалық оқуларда, мәслихаттарда белсенділік көрсетіп, озат тәжірибесі арқылы өз әріптестеріне үлгі бола білді. 

       Бірнеше рет аудандық, облыстық білім бөлімдерінің Құрмет грамоталары мен дипломдарына ие болды. 2000 жылы «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі» төс белгісі мен марапатталды.


Мектептің мақтаныш түлектері


         Омарбаева Сәбеткүл Омарбайқызы  1949 жылы дүниеге келген. 1965-1966 оқу жылындағы күміс медаль иегері

         Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса орта мектебінде ұзақ жылдар жемісті еңбек етті, жоғарғы санатты, білікті педагог, ҚР білім беру үздігі, қазір зейнеткер.

          Ыдырысова Әлиякүл Қайсарбайқызы 1948 жылы дүниеге келген. Жоғары санатты дәрігер-кардиолог, Алматы қаласында тұрады, клиника меңгерушісі.

          Байгөбеков Серік 1950 жылы дүниеге келген.  1967 жылғы түлегі –  геолог. Қазақ политехникалық институтын бітірген. 

          Спанқұлова Ләззат Сейтқазықызы 1963 жылы дүниеге келген. 1980 жылғы түлегі – Алтын медаль иегері. 1984 жылы ҚазПИ физика- математика факультетін бітірген, ҚазМҰУ-де, технологиялық университеттерде  дәріс береді, физика- математика ғылымының докторы, профессор.

         Садриева Раушан Рахымжанқызы 1966 жылы дүниеге келген.

          1985 жылғы түлегі - Томск медицина институтын бітірген,  Алматыда фармацевт - дәрігер.

          Ыдырысова Дина Қайсарбайқызы 1968 жылы дүниеге келген. 1985 жылғы  түлегі – Алматы ауылшаруашылық институтын экономист мамандығы бойынша бітірген, осы салада еңбек етеді, Алматы қаласының тұрғыны.

          Көбекова Гүлзира Төлепбергенқызы 1970 жылы дүниеге келген. 1987 жылғы түлегі - медаль иегері


          Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. Қарағанды қаласында заңгер қызметін атқарады, ҚарМУ-да аға мұғалім.

          Ыдырысова Эльмира Қайсарбайқызы  1966   жылы дүниеге келген - Алматы басқару Академиясының доценті, салық және салық төлемдері факультетінің кафедра меңгерушісі.  БЛКЖО-ның ХVІІ-съезінің делегаты.

          Көкебаев Сәрсен Керімбайұлы 1961 жылы дүниеге келген -  Алматы жоғары милиция мектебін бітірген.  Алматы облыстық көші-қон полициясының төрағасы, полковник, қазіргі таңда Алматы қалалық  Ішкі   Істер Басқармасы бастығының орынбасары.

          Көкебаев Бейсен Керімбайұлы 1966 жылы дүниеге келген.          Кәсіпкер- меценат. Тәтті ауылының орталығынан еңсесі биік мешіт салдырды, ауыл тұрғындары үшін алма бағын отырғызды, кірпіш зауытын іске қосты. Меркі кентінің орталығындағы «Меркі» қонақ үйін осы заманға лайықтап жөндетті, қасынан мейрамхана салғызды.

          Мамлеев Мұхтархан Бегайбекұлы (1957 жылы туған) - кәсіпкер-меценат. Ауылшаруашылық институтын бітірген. 1979 жылы Қаскелен ауданында совхоз бригадирлігінен директорлыққа көтеріліп, 1991 жылға дейін қызмет ісдеді. 1991 жылдан іскерлікпен айналысады. Қазіргі кезде Қазақстан Көмір компаниясының директоры.

          Тоқтағанова Ақбота Сағындыққызы (1976 жылы туылған)- Көкшетау педагогикалық институтының филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөлімін бітірген.  Еңбек жолын Шу ауданында бастап,  Тараз қаласында №8 Төле би атындағы мектеп – гимназиясында жалғастырып, жаңашыл ұстаз болды. Қазір облыстық мұғалімдер білімі мен біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау институтының әдіскері.

          Абуталиева Айнұр Әбенқызы (1975 жылы туылған) –Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі, мектепті де, универститетті де үздік бітірген.

          2000 жылы Д. Қонаев атындағы гуманитарлық   университетінің заң факультетін бітірді.  2006 жылы филология ғылымының кандидаты,  Қарағанды «Болашақ» университетінің доценті. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив