Пәндік мектепішілік олимпиада
2022-2023 оқу жылының 21-25 қараша күндері аралығында М. Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінде жыл сайын ұйымдастырылатын республикалық пәндер олимпиадасының І мектепішілік кезеңі өтті. Олимпиадаға 8-11 сынып оқушыларынан жалпы саны 63 білім алушы қатысып, бақ сынасты. 21 қараша олимпиаданың ашылу салтанаты ұйымдастырылып, 5 күнге созылған білім бәйгесі мәресіне жетті. Нәтижесінде 27 оқушы жүлдегер атанды. Әр пән бойынша І орын алған оқушылар олимпиаданың ІІ Аудандық