02
желтоқсан
2022
"Зорлық - зомбылықсыз 16күн" науқанына орай «Отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі» туралы кеңес беру
"Зорлық - зомбылықсыз 16 күн" науқанына орай «Отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі» бойынша ата-аналар мектебінің және отбасын қолдау қызметінің тиімділігін арттыру мәселелері бойынша ата-аналарға кеңес берілді. Мақсаты: Ата-аналарды және ересектерді қоғамда кездесіп отырған балаларға қатысты зорлық - зомбылық пен қатыгездіктің зияны мен салдары туралы түсінік беру. Кеңес беру барысында ата-аналар бір-бірімен пікір алмасып, ойларымен бөлісті. Ата –аналарға отбасында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» бойынша тренинг, жаттығу жүргізілді.