Іс-шаралар » Страница 20 » СШ№13 им. Маметовой
Жамбыл Облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«Мәншүк Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектеб»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (747) 618-61-71
Есепші бөлімі:
+7 (747) 618-61-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Құқық бұзушылықтың алдын алу" жиналыс
13
қыркүйек
2023
"Құқық бұзушылықтың алдын алу" жиналыс
М. Мәметова атындағы №13  жалпы орта білім беретін мектебінде  Меркі аудандық ішкі істер бөлімінің бірінші орынбасары полиция подполковнигі Көпбаев Алмас және аға инспектор полиция майоры Спанкулов Бақытжан «Құқық бұзушылықтын алдын алу» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Ақындар айтысына іріктеу
13
қыркүйек
2023
Ақындар айтысына іріктеу
М. Мәметова атындағы №13ЖОББ мектебінде  Оқу- ағарту министрлігінің ұсынысымен Республика бойынша «Төрт тоқсан-төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобаның тұжырымдамасы  негізінде «Ақындар-айтысы»  сайысын өткізу бойынша 13 қыркүйек  «Жас өрендер»  тақырыбында  жас ақындарды анықтау жұмысы жүргізілді. Музыка пәні мұғалімі: Г. Мәнкеева
Сергіту сәті
08
қыркүйек
2023
Сергіту сәті
М. Мәметова атындағы #13 жалпы орта білім беретін мектебінде сағат 12:00-де "Сергіту сәті" атты челленджі өткізілді. Мақсаты - балалардың белсенділігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау. Жаттығуларды қолданудың тиімділігі оқушылардың көңіл-күйі артып, сабақ процесіне деген қабілеттерін жоғарылату. Сынып жетекшісі: Даниярова Г.
Жалпы Қазақстандық диктант
06
қыркүйек
2023
Жалпы Қазақстандық диктант
М. Мәметова атындағы №13 ЖОББ мектебінің ұжымы мен білім алушылары 5 қыркүйек күні Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі  іс-қимыл жоспарының 103 тармағына  сәйкес «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасын өткізу аясында жалпы Қазақстандық ашық диктант жазуға қатысты.  Мақсаты: Қазақстан халқын біріктіруші  фактор ретінде мемлекеттік тілдік қоғамдағы рөлін нығайту.
Интернаттың ішкі тәртіп ережесі
05
қыркүйек
2023
Интернаттың ішкі тәртіп ережесі
М. Мәметова атындағы №13 ЖОББМ жанындағы интернатқа 2023-2024 оқу жылында денсаулығында ахауы жоқ 46- оқушы қабылданды. Интернат меңгерушісі Халиков Олжас және тәрбиешілер жаңа оқу жылымен оқушыларды құттықтап, толағай табыстар тілей отырып, тәрбиеленушілерді интернаттың ішкі тәртіп ережелерімен таныстырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жолда жүру тәрбие сағаттары
05
қыркүйек
2023
Жолда жүру тәрбие сағаттары
М. Мәметова атындағы №13жалпы орта білім беретін мектебінде 1-8сыныптар арасында «Жол тәртібін білейік, аман- есен жүрейік»,«Жолда жүру ережесін сақтайық»,  «Жас жолаушы және жол жүру» тақырыптарында  сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Көшеде жүру ережелері бойынша қалыптасқан оқушы түйсіктерін, білімдерін пысықтап, оның өмірдегі маңызын түсіндіру. Оқушыларды сақтыққа, достыққа, тәртіпке тәрбиелеу. ДТЖО:Ө.Дәлібаев
Тәрбие сағаттары
01
қыркүйек
2023
Тәрбие сағаттары
М. Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінде 1 қыркүйек Білім күніне орай  «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт»  тақырыбында  1-11сынып оқушылары арасында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты:  Адалдық пен шындықтың адами қарым-қатынастағы мәнін түсіндіру. Адалдық, шыншылдық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ету. Адал, шыншыл болуға тәрбиелеу. ДТЖО: Ө. Дәлібаев
Білім күні
01
қыркүйек
2023
Білім күні
М.Мәметова  атындағы № 13 жалпы орта білім беретін мектебінде  1 қыркүйек -  Білім күніне орай  «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» атты  салтанатты жиын  өтті.  Жиынға аудандық білім беру бөлімінің  әдіскері  Сақыбай Айбек Қайратұлы, ауыл имамы Көпбосынов Асхат Мүсіретбекұлы, қамқоршылық кеңесі мүшелері, ардагер ұстаздар қатысты. Алғашқы құттықтау сөз мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы Қали Әшімханұлына берілді. Ол өз  сөзінде былтырғы оқу жылының
"Табиғат және менің қауіпсіздігім"
26
мамыр
2023
"Табиғат және менің қауіпсіздігім"
Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінің 3 "Б" сыныбында " Табиғат және менің қауіпсіздігім" тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Түрлі дереккөзер негізінде табиғи ортадағы (су жағасы, тау,т.б.) қауіп- қатерді анықтап және баға берілді.Табиғи ортадағы қауіп-қатерлерді алдын алу үшін  өзінің қауіпсіздігін жоспарлап,  табиғи ортадағы қауіп-қатерлерге мысал келтірілді. Жазғы демалыс кезіндегі өмір қауіпсіздігі туралы мағлұмат      берілді.Сынып жетекшісі: Г. Таутай
Жазғы демалыс кезіндегі балалардың өмір қауіпсіздігі
26
мамыр
2023
Жазғы демалыс кезіндегі балалардың өмір қауіпсіздігі
М.Мәметова атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың мамыр айының 22-і күні<Жазғы демалыс кезіндегі балалардың өмір қауіпсіздігі тақырыбында 2"А" сынып окушыларымен  тәрбие  сағаты   өткізілді.  Мақсаты:Оқушылардың жаз мезгілінде өрт кезіндегі ,суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік,жол жүру кезіндегі қауіпсіздік ,ережелер туралы білімдерін қалыптастырып, кез-келген қауіптен өздерін қорғауға үйрету.Сынып жетекшісі:З.Біттібаева