25
мамыр
2024
«Білімім - Отаныма» тақырыбында салтанатты жиын өтті.
М.Мәметова атындағы № 13 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың мамыр айының 25 күні соңғы қоңырау мерекесіне орай «Білімім - Отаныма» тақырыбында салтанатты жиын өтті. Жиынға аудандық білім бөлімінің әдіскері Сақыбай Айбек Қайратұлы, жас түлектер, ұстаздар және ата - аналар қатысты.
Алғашқы құттықтау сөз мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы Дәлібаев Өмірбек Жартыбайұлына берілді. Өз сөзінде 2023-2024 оқу жылының жетістіктерін атап өтіп, Жас түлектерді мерекемен құттықтады.
11 сыныпты 16 түлек аяқтады. Бөбек пен түлек жұп болып, соңғы қоңырау соғылып, салтанатты жиын өз мәресіне жетті. Сәт сапар сіздерге Жас түлек!

