24
қаңтар
2024
“Өзге адамдармен сөйлесуді үйрену” тақырыбында балаларды қолдаудың (буллингтің) алдын алу бағдарламасына сәйкес үшінші сабақ өтті.
М.Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінде 2 “А”, “Б” сыныптарында
“Өзге адамдармен сөйлесуді үйрену” тақырыбында балаларды қолдаудың (буллингтің) алдын алу бағдарламасына сәйкес үшінші сабақ өтті. Сабақ мақсаты: балалардың қарым-қатынас дағдыларын, өзін және басқаларды түсіну қабілетін қалыптастыру. Сабақ барысында балаларға позитивті қарым-қатынас дағдыларын, басқа адамдармен ынтымақтастыққа дайын болуды, әдептілік, адалдық, жанашырлық, ізгі ниет, сенім, басқалардың пікіріне төзімділікпен қарауға үйрету мақсатында сабақ өтті. Сабақ түрлі әдістер, ойындар арқылы өтті.
