26
желтоқсан
2023
«Сәлем, Жаңа жыл»
М. Мәметова атындағы №13 ЖОББМ жанындағы интернатта ағымдағы жылдың желтоқсан айының 26күні «Сәлем, Жаңа жыл» тақырыбында жаңа жылға арналған іс-шара өткізілді. Балалар Жаңа жылдық шыршаға әннен шашу шашып, жыр шумақтарын айтып, билерін биледі. Шыршаға қонаққа Аяз ата мен Ақша қар келді. Балалар киген костьюмдерін өз өнерлерімен қорғады. Мерекелік іс-шараның соңында мектеп директорының у. м. а. Қ. Әшімханұлы, тәрбиеші Д. Иманалиева балаларды жаңа жыл мерекелерімен құттықтап, жақсы тілектерін білдірді. Тәрбиеші: Смагулова З.




