21
ақпан
2022
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Асқаров оқулары" байқауы
Ақпан айының 21-і күні Тәтті ауылдық мәдениет үйінде ауданымыздың мақтанышы, қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың мерейтойына орай мектеппен бірлескен жұмыс "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Асқаров оқулары" байқауы өтті. Байқау А. Асқаровты ақындық қырынан танытып, оқушылар арасында өлеңдерін насихаттауды көздеген еді. Мектеп оқушылары ақын өлеңдерін жатқа оқып, жүлделі орындарға ие болды. Оқушылардың сұранысы бойынша бұл байқау жыл сайын ұйымдастырылып тұратын болды.


