Ақпарат » Страница 52 » СШ№13 им. Маметовой
Жамбыл Облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«Мәншүк Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектеб»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (747) 618-61-71
Есепші бөлімі:
+7 (747) 618-61-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
іс-шара
08
қараша
2024
іс-шара
Ағымдағы жылдың қараша айының 7 күні М.Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінде “Сызықтар және штрихтар” тақырыбында 1-топ білім алушылар арасында үйірме өттілді. Үйірме жетекшісі: Нурабилдаев Н
Жайдарман
08
қараша
2024
Жайдарман
М. Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінде “Жайдарман”үйірмесі жұмыс жасайды.  Аудандық Жайдарман маусымашар ойынына дайындық.  Үйірме жетекшісі: Г. Алдабергенова
іс-шара
08
қараша
2024
іс-шара
Ағымдағы жылдың қазан айында М. Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінде 7-10 сынып қыздары арасында жоспарға сәйкес  қыздар жиналысы өтті. Мектеп медбикесі  Т.Тлеуқұлова  “Қыздардың жеке бас гигиенасы” тақырыбында қыздарға кеңес берді. Мақсаты: Қыз баланың гигиеналық ережелері мен салауатты өмір салты туралы ақпарат беру, ағзаның дамуы туралы дұрыс түсінік қалыптастыру. Мектеп  психологы  Ш. Бекбергенова “ Жыныстық  зорлық- зомбылық. Егер сіздің өміріңізге қауіп төнсе…”
іс-шара
08
қараша
2024
іс-шара
Ағымдағы жылдың қараша айының 7 күні  11 “А “ сынып білім алушыларымен “Қаныш Сәтбаев қазақтың  алғашқы академигі “ тақырыбында  мектеп кітапханасына саяхат жасалды. Мақсаты: Көрнекті ғалым, академик, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақстандық металлогения мектебінің негізін  салушы Қаныш Сатпаевтың өмір жолымен жәге ғылыми еңбек жолындағы  жетістіктерімен таныстыру. География пәні мұғалімі: Бейсеналы Б
іс-шара
08
қараша
2024
іс-шара
М.Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінде Психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған күзгі айлықтың жоспарына сәйкес 7 қараша күні “Аутодеструктивті мінез-құлықты анықтау” бойынша 5-7 сыныптардан “Баспалдақ”әдістемесі бойынша сауалнама алынды. 8-11 сыныптар арасында Бектің депрессия шкаласы бойынша сауалнама алынды. Психолог: Бекбергенова Ш.А.
Іс-шара
08
қараша
2024
Іс-шара
М.Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінің 2”Б” сынып білім алушылары ”Қарттарым-асыл қазынам” тақырыбында тәрбие сағаты өтілді. Мақсаты:оқушылар өз ата-әжелеріне арнап өлең жолдарын айтты. Ситуациялық сұрақтар қойылып,білім алушылар өз ойларын айтты. Әрқашан Қазыналы қарттарымызға құрмет көрсету керек екендігі айтылды. Сынып жетекшісі: З.Құттыбаева
Іс-шара
08
қараша
2024
Іс-шара
М.Мәметова атындағы №13  жалпы орта білім беретін  мектебінің     2 «Б» сынып білім алушылары  « Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағатын өтілді. Мақсаты: Оқушылардың Қазақстан туралы ой-өрісін кеңейту.Туған жерін сыйлауға,бағалай білуге,Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Сынып жетекшісі:З.Құттыбаева
Іс-шара
08
қараша
2024
Іс-шара
М.Мәметова атындағы №13 жалпы ортақ білім беретін мектебінің 3 “Б” сыныбында “Менің Отаным- Қазақстан” тақырыбында тәрбие сағаты өтті.  Мақсаты: Жас ұрпақты Отанын сүюге, елін, тілін, еліміздің рәміздерін қастерлеуге тәрбиелей отырып бай - қуатты ел екендігін мақтан ету, туған еліне ,жеріне деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімдерін ояту. Сынып жетекшісі: Г.Таутай
Іс-шара
07
қараша
2024
Іс-шара
Ағымдағы жылдың қараша айының 5 күні М.Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінде “Өз өмірін ғылымға арнаған адам Қаныш  Имантайұлы Сатпаев” тақырыбында 10 “А” сынып білім алушылары арасында эссе жазылды. Мақсаты: Қаныш Сатпаевтың  еңбектерін, қазақ ғылымына өлшеусіз қосқан үлестері туралы білу. Жан- жақты , өрісі кең азамат болуына ықпал ету. Әр оқушының бойындағы дарынын, талантын, шығармашылығын көрсету. Елжанды, намысты өз елінің салтын сақтай білетін ұрпақ тәрбиелеу.
іс-шара
07
қараша
2024
іс-шара
М.Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінде 5.11.2024ж күні педагогикалық кеңес өтті.  Пед кеңес барысында 2024-2025 оқу жылының І-тоқсанының қортындысы мен ІІ тоқсанның мақсат-міндеттері талқыланды. Пед кеңесті қорытындылаған мектеп директоры  Бауыржан Қырықбайұлы  білім сапасын арттырып, оқушылардың сабаққа қатысуына көңіл бөліп, бала қауіпсіздігін бірінші орынға қою керектігін айтып, ІІ тоқсанға мектеп ұжымына сәттілік тіледі. #Педкеңес