
Ағымдағы жылдың қараша айының 2 7 күні М.Мәметова атындағы №13жалпы орта білім беретін мектебінде Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне орай бастауыш сынып оқушылары арасында “Бала күлкісі – әлемнің шаттығы” атты сурет байқауы ұйымдастырылды. Байқауға 2-4 сынып білім алушылары белсене қатысып, бала қуанышы мен бейбіт өмір тақырыбында өз туындыларын ұсынды.

Мақсаты – балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, оларға позитивті ой қалыптастыру және олардың құқықтарын құрметтеу. Байқау барысында оқушылар түрлі-түсті бояулармен өз армандарын, отбасылық жылылықты, достық пен шаттықты бейнеледі.
Көркем еңбек пәні мұғалімі: Абайдуллаев М