
Ағымдағы жылдың 24 қараша күні М.Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінің 4 “А”, ”Б” сыныптарында “Энергияны үнемдеу- экологияны қорғау”, “Төтенше жағдайда туындаған кезде жедел қызметтерге қоңырау шалу” тәрбие сабағы өтті.

Мақсаты оқушыларға энергия ресурстарының маңызын түсіндіру, электр және жылу энергиясын үнемдеу арқылы экономикалық мәдениетті қалыптастыру. Энергияны тиімді пайдалану -табиғатты қорғанудың , қоршаған ортаға зиянды әсерді азайтудың маңызды бөлігі екені түсіндірілді. Сабақта өрт, жер сілкінісі, газдың шығуы, су тасқыны сияқты түрлері төтенше жағдайлар кезінде жедел қызмет нөмірлері мен қай кезде , қалай дұрыс қоңырау шалу керектігі түсіндірілді. Балаларды қауіпсіздік ережелерін сақтауға, шапшаң әрі дұрыс әрекет етуге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сынып жетекшілері:Танабаева Т, Таутай Г