10
қараша
2025
ақпарат
Ағымдағы жылдың 10 қараша күні М.Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінде “15 қараша – Төл теңге күні” тақырыбында тәрбие сабағы өтті.
Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгенің тарихы мен маңызын түсіндіру, отандық экономиканың басты нышандарының бірі ретінде ұлттық валютаға құрмет сезімін қалыптастыру.
Сабақ барысы:
Тәрбие сағаты Қазақстанның ұлттық валютасының тарихы туралы бейнематериал көрсетуден басталды. Оқушылар теңгенің шығу тарихымен, алғашқы банкноттар мен монеталардың түрлерімен танысты. «Теңге – тәуелсіздіктің нышаны» тақырыбында пікірталас ұйымдастырылып, оқушылар өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, «Бір теңгенің тарихы» атты шағын көрме өткізіліп, оқушылар әртүрлі жылдары шыққан теңгелерді таныстырды.
Қорытынды:
Оқушылар ұлттық валюта туралы жаңа мәліметтер алып, теңгенің ел тәуелсіздігі мен экономикалық тұрақтылықтағы маңызын түсінді. Сабақ өз мақсатына жетті.
Сынып жетекшісі :Таутай Г