«Теңге – мемлекеттің тірегі» деген тақырыпта көрме жасалып, оқырмандар назарына ұсынылды.
15.11.2023 жылы 15 қараша -Ұлттық валюта, қаржы саласының қызметкерлері күніне «Теңге – мемлекеттің тірегі» деген тақырыпта көрме жасалып, оқырмандар назарына ұсынылды. Оқырмандарды ұлттық теңгенің шығу тарихы мен экономикаға әкелген жетістіктері туралы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға енуі туралы кең көлемде мағлұматтар беру мақсатында кітапханашы Бейсекулова Алия Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге жайында, мерзімді басылымдарда жарық көрген «Төл теңгеміз – Тәуелсіздік тірегі», «Тұғыры берік төл теңге» («Жайық шұғыласы» 2019 ж., 9 қараша), «Төл теңгеміз төрге озған күн» («Егемен Қазақстан», 2019 ж., 12 қараша), «Ұлттық валюта ұлықталды» («Атырау». 2019 ж. №91. 19 қараша), «Теңге тарихына жаңаша көзқарас қажет» («Айқын», 2021 ж. 20 қараша) және т.б. көптеген жарияланымдармен оқырмандарды таныстырды.
Мақсаты: Оқырмандарға Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы мен оның маңызын түсіндіру, ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі туралы мағлұмат беру.
Кітапханашы :Бейсекулова А.
