
Ерте жүктіліктің алдын- алу.

Ағымдағы жылдың қазан айында М.Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінде 8-11 сынып қыздары арасында “Ерте жүктіліктің алдын - алу” тақырыбында мектеп медбикесінің қатысуымен қыздарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жиналыс барысында қыз балалардың тәрбиесі, мәдениеті, жүріс - тұрысы, сымбаты жайында түрлі кеңестер берілді.

Ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізіліп, бейнеролик көрсетілді. Гигиеналық талаптардың(бас, тырнақ, мектеп формасының таза болуы) сақталу керектігі айтылды.Беймезгіл уақытта көшеде жүрмеу, танымайтын адамдармен әңгімелеспеу және онымен қараңғы жерлерге, адам жоқ орындарда қалмау керектігі, сондай-ақ зиянды әдеттерден аулақ болуға, әлеуметтік желілерде ұзақ уақыт отырмауға кеңестер берілді.
ДҚТЖО: Демеубаева Н
Мектеп медбикесі:Нұрбай Н

