29
қыркүйек
2025
Ақпарат
Ағымдағы жылдың 29 қыркүйек күні М.Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінің 4 “Б” сыныбында «Ұстаз, еңбегіңізге рақмет !» атты тәрбие сабағы өтті. Оқушыларды мұғалімдерге деген құрмет пен алғыс сезімін оятуға арналды. Сабақ барысында оқушылар ұстаз мамандығының қадір-қасиеті туралы ой қозғап, өлеңдер оқып, әндер орындады. Мұғалімге деген ризашылықтарын шығармашылық жұмыстар, жылы сөздер мен тілектер арқылы жеткізді. Іс-шара оқушылардың ұстазға деген сүйіспеншілігін арттырып, адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеуге ықпал етті.
Сынып жетекші: Г.Таутай
