06
қыркүйек
2025
Ақпарат
Ағымдағы жылдың 5 қыркүйек күні бастауыш сыныптар арасында тіл мерекесіне “Ана тілім - ардағым “ тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға мемлекеттік тілді құрметтеуді үйрету, ана тілінің қадір-қасиетін дәріптеу, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілігін арттыру болды.
Шара барысында оқушылар тіл туралы өлеңдер оқып, мақал-мәтелдер айтты, сахналық қойылымдар көрсетті. Сондай-ақ, түрлі викториналық сұрақтар ұйымдастырылып, балалар өз білімдерін ортаға салды.Оқушылардың өнерлері арқылы тілге деген сүйіспеншілігі айқын көрінді.
Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Балалардың белсенділігі мен қызығушылығы зор болды.
Қорытынды: Бастауыш сынып оқушыларының тілге деген құрметін арттырып, ұлттық рухани құндылықтарды насихаттауға ықпал етті.
Жауапты: 4 “А” сыныбы
Сынып жетекші: Т.Танабаева
