
Ағымдағы жылдың 4 маусым күні М.Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінің «Балауса» жазғы сауықтыру лагерінде
«Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш»тақырыбында іс-шара өтті.

Мақсаты: Оқушыларға ҚР мемлекеттік рәміздерінің мәні мен маңызын түсіндіру, патриоттық сезімді ояту, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу. Яғни балаларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай патриоттық бағыттағы іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара аясында мемлекеттік Гимн орындалды. Балаларға рәміздердің тарихы мен мағынасы туралы ақпарат беріліп, викторина мен сурет байқауы өткізілді.
Балалар топтар бойынша өздерінің мемлекеттік рәміздерге деген құрметін өлең, сурет салғызу арқылы көрсетті. Іс-шара достық, ынтымақ пен патриоттық рухта өтті.
Жауапты: аға тәлімгер Алдабергенова Г.