19
қыркүйек
2025
Ақпарат
Ағымдағы жылдың 19 қыркүйек айында 4 “А”, “Б”сыныптарда «Дұрыс тамақтану» тақырыбы бойынша тәрбие сабағы өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушыларға дұрыс тамақтанудың маңыздылығын түсіндіру, күнделікті тамақтану мәдениетін қалыптастыру, пайдалы және зиянды тағамдарды ажырата білуге үйрету.
Сабақ барысында оқушыларға түрлі көрнекіліктер көрсетіліп, әңгіме, сұрақ-жауап, ойын тапсырмалары қолданылды. Балалар пайдалы тағам түрлерін атап, өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, дәрумендердің денсаулыққа пайдасы жайлы мәлімет берілді.
Сабақ соңында оқушылар «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» деген қорытындыға келді.
Сынып жетекшілер:
Т.Танабаева, Г.Таутай