20
маусым
2025
ақпарат
М.Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінің “Балауса” лагерінің 2025 жылдың 20 маусым күні жазғы демалыс лагерінде тәрбиеленушілер үшін лагерьдің жабылу салтанаты және табиғатқа саяхат ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – балалардың жазғы демалысын есте қаларлықтай қорытындылап, табиғатты аялауға тәрбиелеу, ұжымдық рухты нығайту.
Табиғатқа саяхат барысында балалар таза ауада серуендеп, табиғат құбылыстарын бақылап, ойындар ойнады. Олар қоршаған ортаны қорғау жөнінде пайдалы ақпараттар алып, өзара достық қарым-қатынас орнатты.Ал жабылу салтанатында концерттік бағдарлама ұсынылды. Әндер шырқалып, би биленіп, балалар өз өнерлерін ортаға салды.Бұл күн балалардың есінде ұзақ сақталып, оларды жаңа оқу жылына сергек көңіл-күймен дайындауға ықпал етті.
Аға тәрбиеші: Г.Таутай
