23
мамыр
2025
ақпарат


Тәрбие сағаты барысында «Қазақстан – кеше, бүгін, ертең» деп, еліміздің тарихын қозғай отырып, оқушылар білімнің адам өміріндегі маңызды құндылық екендігін, Отанымыздың жарқын болашағының кепілі екендігіне тағы бір көз жеткізді. Сабақ барысында оқушылар «Елімнің болашағы менің қолымда», «Елімнің келешегі – менмін», «Білімім – Отаныма» тақырыбында өз ойларын ортаға салды.

Білімді ұрпақ елдің экономикалық тұрғыдан дамуына, мәдениеті мен ғылымының өркендеуіне үлес қосады. Осы тұрғыда біз өз шәкірттеріміздің еліміздің асқақ арманының жүзеге асуына кепіл бола алатынына сенеміз.
