19
мамыр
2025
Ақпарат
М. Мәметова атындағы #13 ЖОББ мектебінің 1-сынып білімалушыларымен “Бірлік пен ынтымақ” айлығының аясында “ Қарттарды құрметтейміз” тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: үлкен кісілерді сыйлау, құрметтеу.
Ақылын тыңдап, көмек көрсетуге дайын болу.
“Қарты бар үйдің қазынасы бар...” деген мақалдың мән-мағынасын аша отырып, ата, әже, апа тәрбиесі туралы түсінік берілді.
Өздерінің ата-апалары туралы әңгіме жүргізілді.
Қарт кісілерге кейде балалардың көмегі қажет болатыны туралы айтылды.
Өздерінің ата-апаларына қандай көмек көрсеткені туралы әңгіме жүргізілді.
“Қарттарым, аман сау жүрші” әні тыңдалды.
Сынып жетекшісі: Ембердиева А. К.
