
ТҮНГІ РЕЙД – БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ ҮШІН!

Кәмелетке толмағандардың күндізгі және түнгі уақытта заңды өкілінсіз қоғамдық орындарда, көшеде жүруінің алдын алу жедел профилактикалық іс-шара жоспары аясында М.Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінің кезекшілік тобы мамыр айының 1 күні күндізгі және түнгі рейд ұйымдастырылды.

Рейд барысында:
– Жасөспірімдерге қатысты құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары жүргізілді.

Бақылау – тәртіп негізі. Баланың қауіпсіздігі – бәрімізге ортақ.