
ТҮНГІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
М.Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың ақпан айының 28 күні мектеп мұғалімдері бірлесіп түнгі рейд жұмыстарын жүргізді.

Рейдтің басты мақсаты — кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдердің заңды өкілдерінің қарауынсыз түнгі уақытта көшеде жүруін болдырмау, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Бүгінгі рейд нәтижесінде түнгі уақытта оқушылардың көшеде жүрген жағдайлары тіркелген жоқ.