Ағымдағы жылдың қаңтар айының 13 күні мектебімізге Меркі АПБ –нің КТІЖ Учаскелік полиция инспекторы Қ.Шолпанбаев келіп, 8-11 сынып білім алушылары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Түнгі уақытта ата-ананың қарауынсыз жүрмеу, кафеде жұмыс істемеу т.б жағдаяттар туралы мағлұмат берілді. Еңбек заңдылығына сәйкес 14- жастан асқан кезде тек қана еңбек шартына сәйкес 4- сағаттан артық жұмыс істеуге және де тек қана күндізгі кафетерии, кинотетрларда да ғана жұмыс істеуге рұқсат етілетінін ескертті. Мектептегі камералар арқылы түрлі жағымсыз іс –әрекеттер, құқық бұзушылық,мектептің ішкі тәртібін сақтамау жұмыстары қаралып тұратындығын айтып өтті. Ауылда да түнгі рейд жүргізіліп тұратындығын ұсталған жағдайда жауапкершілікке тартылатындығын ескертті.